аса ыстық болмасын. Сүтін молдау құйыңыз. Бағила ыстық атаулыны ұнатпайды, – деді ол соңғы сөзін Бағилаға бағыштап, мейлінше жұмсақ, еркелеткен үнмен. «Өзімшілін қарай гөр, – деді Бағила іштей ызаланып. –Менің нені ұнатып, нені ұнатпайтынымды қайдан біледі?» –Жоқ, ыстығынан құйыңыз, – деді ол кенет Мәликеге. Тұрғат сасқан жоқ. Бұл жолы да Бағиланың қасиетін жақсы білетін сыралғы адам боп шыға келді. –Мейлі, ыстық болғаны да дұрыс. Ұзақ жолдан шаршағанда ыстықты қалайтыны да бар, – деді ол мүлде салмақты үнмен. «Ұятсыз, – деді іштей Бағила. – Мұнымен не ұтпақ?» Стол үстінде тұрған жеті литрлік электр самовары мен адамдардың лебінен, қала берді кішігірім театрға лайықты үлкен-үлкен екі хрусталь люстраның әсерінен үй іші моншаға айналды. Терезе алдына қойылған жел диірмендей үлкен желдеткіш осындайда қызмет көрсетіп қалуға тырысып қанша гүжілдегенмен үй ішіне қамалып алған қапырықты айдап шыға алар емес. Қаратай орнынан ақырын көтеріліп, үстіндегі жаздық сұр костюмін шешіп орындық арқалығына ілді де, галстугын кішкене журнал столының үстіне лақтыра салды. Содан соң көйлегінің жоғарғы екі түймесін ағытып, иығынан ауыр жүк түскендей терең бір демалып, орнына қайта отырды. Бағила кітаптардан көзін тайдырып, жұртқа қарағанда олардың бәрінің көйлекшең отырғанын көрді. Тұрғат та костюмін шешіп, дәл Қаратай секілді жоғарғы екі түймесін ағытып тастапты. Бағила ақыл тоқтатқан, ересек адамдардың және бірін-бірі бұрыннан білетін адамдардың өзара отырып та ресми қарым-қатынастың оңай тұтқыны бола салатындарына түсінбеді. Осында қанша адам отырса бәрі бір-бір сыпыра тост көтеріп шықты. Бір-бірінен аумайтын, инкубатордан шыққандай ұқсас сөздер, жаттанды тілектер, таптаурын ойлар. Жан-жақты білімді, мәдениетті боп көрінуге күш салып жүрген Тұрғат та қиналуды, миды қинауды керек етпейтін бұрыннан дайын, кезекші тілек айтты. Саяси тост көтерді және ол саяси тостың бұл атмосферамен, қазіргі жағдаймен мүлде қатысы болмағандықтан біршама қолайсыз шықты. Бірақ, таңқаларлығы сол, шыдамдылыққа үйренген кісілер үнсіз тыңдап отырды да, сөз біткен кезде аналарынан туғалы бері мұндай лебізді тұңғыш рет есітіп отырғандай, дән риза кейіп танытып, орындарынан бір-бір қозғалып, «Бәрекелде!» – деп гу ете түсті. Қаратай ғана қалыптан сәл ауытқып, Мәликенің, жеңгесінің денсаулығы үшін, Сәкеңнің – ағайының шабытына шабыт қоса берер оның сыры кетпес әдемілігі үшін, осындай ерке мінезді, қарапайым, жар қадірін түсірмейтін әйелдер үшін лебіз көтерді. Бұл да аспаннан алынған, жер астынан табылған сөз болмаса да өзгелердікіне қарағанда клеткалары тірі, организмінде жаны бар тілек болды. Отырғандар желпініп қалды. – Қайнымның сөзіне бәрің түгел алыңдар! – деп Мәлике өзі аралап, кісілермен рюмке соғыстырып шықты. Кішігірім келі сияқты хрусталь рюмкелер жан-жақтан кеп түйіскенде, үстін-үстін соғылған жез қоңыраудай сыңғырлап тұрып алды. Мәлике өзі үлгі көрсетіп, рюмкедегі жартылай құйылған
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421