Қ А Р Ғ Ы Н

сыры көп! — деп ол саусағын шошайтып, ыржия күлді. — Қой, бүгін отау болған күнімізді атап өтейік. Ешқайда да бармаймыз, осында өткіземіз. Шаңырақ құрған күнді шаңырақ астында атап өткен дұрыс. Міне, мына сумкаларда бірдеңелер бар. Байқа, шампанды маған қаратып ашпағайсың! — Сәргел баяғы кезде, Медеу ресторанында отырып Мәликенің оны шампанға шомылдырғанын есіне ала сөйледі. Бүгін Сәргел екеуінің қосылған күні екенін, шынында, Мәлике ұмытып та кетіпті. Сәргел оған гүл беріп, сол күнді еске түсіргенде, өз жүрегінде қуаныш та, тебіреніс те жоқ, түсініксіз бір бос кеңістік жатқандай сезінді. Ол кеңістікке Сәргелмен ішкен неке суынан қуаныш боп бір тамшы да тамбайтынын, керісінше, оны реніш пен наланың, көп ретте жұртқа көрсетпейтін көз жасының тамшыларымен толтырарын, тола қалса сонымен толарын түсінді, бұрын да түсінген. Бірақ, ол оның бәрін қырмандағы қоқыстай кеудесінің бір бұрышына үйіп қоя тұрды да, шын қуанған боп күйеуінің былғауыш сабындай жіңішке мойнынан құшақтады. Бағиламен арада өткен бүгінгі әңгіме, бүгінгі келісімнен кейін бұл үйге қандай болса да бір қуаныш керек еді. Мәлике Сәргелге тап қажетті күні, зәрулі күні қосылғанына қуанды. Бір сағаттан соң олар түп-түгел стол басында отырды. Ac үйде болмаса, залда өтетін салтанаттан әманда сыртқары қалатын Мәнсия мен екі бала да үлкендермен қатар жайғасты. Үлкені Елтай биыл мектепке баруы керек, сондықтан салауаттылық сақтап, дастарқанға шақырған кезде кішісінен кейінірек келді. Ол анасының жанындағы орынға жайғасқанда інісі ағасына деп құйылған лимонадты да орталап, жоспарын ұят та болса асыра орындап жатыр еді. Соңғы күндердің оқиғасы мен әлгінде ғана Мәликемен арадағы әңгіменің ауыртпалығынан әлі өзіне-өзі келе алмаған Бағила аурудан жаңа тұрған адамдай стол басында сүлесоқ отыр. Сәргелден қол созым төменде индеецтерден шыққан тұңғыш жазушы Сат Октың кітабынан көз алмай Мәнсия жайғасыпты. Стол басында қанша адам болса бәрінің де өз ойы, өз мақсаты, өз дәрежесінде ақылы мен құлықтары бар, бір-бірлеріне мүлде ұқсамайды. Тіпті, кішкентай Елтай мен Ертайдың да мақсаттары әр басқа. Үлкені авиаконструктор боламын десе, кішісі сағыз сататын дүкенде сатушы боламын деп әзірге елде жоқ кәсіпті айтады. Сәргел көңілді қалпынан таймай, бокалдарға шампан құйып шықты да, бүгінгі салтанаттың мәніне біраз тоқталып, тост көтерді. Хрусталь бокалдар аспанда түйісіп, күйме қоңырауындай сыңғырлады. Ол бокалдардың арасында Елтайдың лимонад толы бокалы мен ішінде тамшысы да жоқ Ертайдың да бокалы сыңғырға сыңғыр қосты. —Мәнсия, әр нәрсенің өз орны бар, — деді Сәргел бокалын соғыстыра салып кітапқа қайта үңілген оған. — Дастарқан басында ас ішіледі, кітап оқылмайды, ал стол басында, анау өз белмеңдегі, ас ішілмейді, кітап оқылады. Мәнсия басын көтеріп, екі жұдырығына иегін тіреп отыра қалды. —Дәрігер болғысы келген адам мединститутта

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421