оқымайды. Педагог болғысы келген адам пединститутта оқиды, мединститутта оқымайды, — деді ащы мысқылмен күлімсіреген боп. Сәргелдің көзі шарасынан шығып кете жаздады. Ол отырғандарға жағалай қарап өтті де, оған қайта мойын бұрды. —Бұл да кітапты көп оқығанның пайдасы ғой, — деді дастарқан шырқына кесірін тигізбеуге тырысып, әзілдеген боп. — Егер алған білім пайдалы нәрсеге жұмсалмай іште қала беретін болса, ол улы газға айналып, адамның өзіне зиянын тигізеді. Білім де аңшының бүркіті сияқты. Оны орнымен жұмсау керек, бағалау керек, қастерлеу керек. Егер бүркітті аң көрінбесе де томағасын алып босқа ұшыра берсе, ол ашуланып, аңшының өзіне шабады. Тілдің де қасиеті осыған ұқсас. Оның да қайтып айналып кеп өзіңе тиетін кезі болып тұрады. Және жиі болып тұрады! — Сәргел сұқ қолын аспанға шошайтып, өз сөзіне өзі риза болғандай шиқылдай күлді. Мәнсияның көзінен ыза оты жылт ете түсті де, еріндерінің көгеріп, болар-болмас дірілдегені байқалды. Сәргел бунтқа бастағалы тұрған паузаны ұзата бермей, жалма-жан тағы сөз бастады. —Көп ұзамай бәрің де оқуларыңды бітіресіңдер. Жан-жаққа тарайсыңдар. Міне, сол кезде — деді ол қайта көңілденіп, — мені сол кезде мына ағаларыңды сағынасыңдар. Қандай көңілсіз болмасын, өткен, артта қалған өмірді аңсау адам баласына біткен қасиет. Мен бір үзім нанға зар боп, бүтін көйлек киіп көрмеген балалық шағымды аңсаймын. Сол күн бір айналып келсе екен деп тілеймін. Ал, сендер… сендер бұл үйден не жаманшылық көріп жүрсіңдер. Бәрі бар, бәрі жетеді, ешкім қақпайлап жатқан жоқ. Тыныш та бейғам өмірдегі кірбіңдердің бәрі өткінші, бәрі ұсақ, оларды ұмытып кетесіңдер. Қане, мына тосты біріңе жеңге, біріңе әпке, енді біреулеріңе — ол даусын көтеріп, екі баласына еңкейді, — мама, Мәликенің денсаулығы үшін алып қоямыз. Түгел! — Ол өзі осылай деп ұран тастаса да үшеуінің де тамшы қалдырмай түгел ішіп салғандарына таңданып, шын жөтелгісі келді ме, тамағын қырнап шашалып қалды. Келесі тосты Мәлике көтерді. —Бүгін — Сәргел екеуміздің ұмытылмас күніміз. Дәл осы күні екеуміз заңды түрде өмірлік жолдас болдық. Күнделікті тіршілік қамымен, ерлі-зайыптылардың үйреншікті өмірімен сол ұмытылмас күн көмескіленіп бара жатыр екен. Соны еске салып, әуелі мені, қала берді қалған бәріңді қуантып отырған мына алдарыңдағы — біріңе аға, біріңе жезде, енді біреулеріңе — ол да дәл Сәргел сияқты екі баласына еңкейіп қойды, — әке — Сәргелдің, Сэрдің денсаулығы үшін көтерулерінді сұраймын. Түгел! Алдымен өзі, сонан соң екі қыз да қағып тастады. Сәргелдің бадырақ көзі жылт-жылт етіп үшеуін де тез аралап шықты. Сонан соң ішінде балалап үлгірген қап-қап күдікті ойларын ернін қымқырып біраз қамауда ұстап отырды да, ол ойлардың тәптігі басылды-ау деген кезде аузына бокалды апарды.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421