күнді от басында ішпесек те ырым үшін атап өтейік деп ойлаған Сәргел мына үшеуінің, әсіресе, мына екі қыздың қамшы салдырмай шампанды сілтеп-сілтеп салғандарына қатты қайран қалды, тіпті, шошынайын деді. Демек, олар үйренген, бұл жоқ жерде үйренген. Бәлкім, бұл жоқ жерде олар бұрқыратып темекі де шегетін шығар? Бұрын іше алмайтын адам кенеттен, дәл бүгін, менің көз алдымда бірден бокал құрғата алмайды ғой. Ол үшеуіне сынай қарап шықты. Жүздері моп-момақан, ешқандай, қулық-сұмдығы жоқ, күнәдан пәк, бейкүнә, Бәлкім, кішкене үгіттесең, тіпті үгіттемей-ақ тағы бокал босатуға дайын сияқты. Келесі сәтте ол Мәликенің сөзін есіне алды. Оның әр буынынан, әр әрпінен, дауыс екпіндері мен күлкісінен, бәрі-бәрінен кермек мысқыл мен жасандылықты, уытты астарды аңғарып, тың тыңдағандай басын бір жағына сәл қисайтып, көзін шымырлап тұрған бокалындағы шампаннан алмай ойға шомып қалды. Ширек сағаттан соң Сәргел салтанатты отырысты шұғыл жауып, семья мүшелерін стол басынан таратып жіберді. —Сэр, — деді Мәлике стол үстіндегі ыдыстарды жинап жатып. — Бүгінгі идеяң үшін қуаныштымын, шын айтам. Бірақ, байқауымша, басқа да қуанышың бар сияқты. Жасырмай айтшы, ол не? Креслода газет қарап отырған Сәргел оған жайлап қарады да, Мәликенің көзімен көзі түйіскен кезде «бәлекет, қайдан білдің», — дегендей басын шайқап, жайма-шуақ езу тартты. Сонан соң кешкі газетті журнал столына тастай салды. —Иә, басқа хабарым тағы бар, — деді көңіліндегі әлгі күптігейді қазір айтатын қуанышты хабарына жеңдіріп. Мәлике күйеуінің айрықша жаңалығын естуге дайындалып, қатталған тарелкаларды көтере берген бойы оған қарап тұрып қалды. Сәргел қуанышты хабарды бірден айта салғысы келмей иығын қомдап, ерніндегі күлкісіне маңызды салмақ қосып, бет-әлпетін байсалды қалыпқа түсіріп алды. Ойындағы хабарына лайықты пішінге түстім-ау дегенде барып кеудесін шалқайтты да: —Ертеңнен бастап сіздің күйеуіңіз кафедра меңгерушісі! — деді бұл сөзім қалай әсер етті дегендей әйеліне мақтанышпен қарап. —Солай ма? Вот, бәлекет! — Мәлике тарелкаларын столға қайта қойып, алжапқышына қолын сүртті. — Мен барып құшақтайын ба, әлде өзің кеп құшақтайсың ба? —Әрине, мен! — Ол маңыздана басып кеп әйелін құшақтады да, бетінен сүйді. — Қаратайға ештеңе демей-ақ қой. Сәргел шошып кетті. —Бұл жерге Қаратайдың қандай қатысы бар? —Сен басқаша түсініп қалдың, шошымай-ақ қой. Қаратайға Бағила жайлы ештеңе демей тұра тұр дегенім ғой. Сәргелдің лып етіп қызарып шыға келген беті қайта қалпына түсті. —Жарайды! Бір қуанышты бір ренішпен араластырмайық. —Сонан соң, — Мәлике оған еркелеген боп, — жазда Сур екеуміз Қара теңізге баратын боп шештік. Сол сонда, бәлкім, әлгі жігітті ұмытар. Сен бізге екі путевка тауып бересің. Кафедра меңгерушісің, докторсың. Келістік пе, Сэр? Сәргел теңіз жағасында купальникпен жатқан әйелін, оның қасынан тағы бір әйел
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421