көріп тұрғандай терезе жаққа біраз қарап тұрды да: —Осында ұмытуға болмай ма? — деді. —Жоқ! — деді Мәлике жағдайдың меңдей беретінін үзілді-кесілді даусымен танытып. — Жас қыз үшін бұл аса қиын да қауіпті мәселе. Алысқа кету керек. Сәргел Таяу Шығыс мәселелерінен де күрделірек нәрсеге енгендей екі қолын артына ұстап, ауыр ойға шомып, үй ішімен бет алды жүріп кетті. Ақырында Мәликенің жанына кеп аялдады да: —Ертең, — деді жай ғана күрсініп. — Жауабын ертең берем. Мәлике үнсіз келісіп, тарелкаларын көтеріп шығып кетті. Демек, алдағы түн –сұрау мен сынау түні болатыны сөзсіз. * * * Жазғы сессияларын ойдағыдай аяқтап Бағила төртінші курсқа өткен соң Мәлике екеуі Қара теңіз жағасына жүріп кетті. Өзі командировкадан келгенде үй ішінде бір жеті бұрын темекі шегілгенін сезетін қызғаншақ Сәргелдің әйелін осындай «қатерлі сапарға» жіберуі, ол тарапынан ерлікпен пара-пар еді. «Көзге шөп салу» деген сөздің баламасындай көрінетін. Бұл жолы әйелінің қасында немере қарындасы бара жатқан соң, көңіліне соны медеу тұтып, қинала отырып рұқсатын берді. Сәргел оларды самолетке шығарып салып, үйіне келген соң телефон арқылы Қаратаймен сөйлесті. —Рахмет, — деді Қаратай ризалығын білдіріп. — Оған жасаған әкелік қамқорлығыңызға қуаныштымын. —Тәйірі, рахмет деуге тұра қояр ма екен, — деді Сәргел өз ісіне қасақана мән бермеген боп. — Балалардың қамын ортақ ойлау парызымыз ғой. Олар біздің өз ұрпағымыз, артта қалар тұяғымыз. Солар үшін жүрген жоқпыз ба, бәріміз де! —Екінің бірі сіз сияқты түсіне бермейді ғой. Сәргел Қаратайға ұнағанына қуанып, кеңкілдей күлді. —Өзің білесің өткен жолғы… әлгі бір… келеңсіз әңгімеден аулақ болсын деп… Оны ұмытты-ау деймін. Қазір бәрі жақсарды. Қабағынан көріп жүрмін. Алыс жаққа барып, теңіз суына шомылған соң, тәтті де балаң ойларына теңіздің тұзды суы араласып, кермек болмаса да тұшып қайтатын болады. — Ол бұл жолы жақсы теңеу тапқанына риза боп қарқылдап күле беріп еді, трубкадан өзін қостай кеткен күлкіні естімеген соң даусын баяулатып жатпай-ақ кілт тоқтай қалды. Келесі сәтте бетіне бірден салқынқандылық орнап, көзі сәт санап шақырая берді де: —Қашан?.. Ім-м… неге? — деді таңданғаннан тілі таңдайына жабысып. —Білмеймін. Оқыған жоқпын. Қазір жазушы көп қой. Бәрі жақсы, қайсыбірін оқисың. Қол тимейді. Грейдершілер оқыса, олардың уақытысы бар шығар. Бізде сабақ, қыруар тіршілік, ғылыми жұмыс. Қаратай, мені кешір! — Қатты айтқысы келсе де даусын көтере алмай, онысы өтініш сияқты боп шықты. —Жақсы жазушы болса болар. Заман жақсы, ел тыныш, жақсы жазбағанда не істейді. Бәріміз де қарап жүрген жоқпыз. Қол тисе көрерміз. Өткен жолы қолыма алып байқап едім, түсіне алмадым. Ұйысып жатқан бір бәле. Сонда не дейсің? Вот, солай. Жаза берсін.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421