таңды көрген емес. Әр таң әр басқа. Адам сияқты олардың да әр түрлі мінезі, әртүрлі сыры бар. Оның ойына болашақ кейіпкерлер айтатын диалог түсті. «Дүниеде не сұлу?», «Таң сұлу» «Енді бұған қарама-қайшы ұғым болу керек, әйтпесе мұның мәні аз», — деп ойлады ол тағы да. Ажарсыз, сүйкімсіз нәрселерді ойша шарлап шықты, бірақ таба алмады. Ажарсыз, сүйкімсіз дегендердің бәрі де таразылап келгенде, адам баласының қалыптасып қалған қабылдауына байланысты екенін аңғарды. Ол терезеден сыртқа сұғынған денесін кейін тартып, жазу столына қайта жақындады. Үй ішіне сіңіп қалған темекі түтінінің қоңырсық иісі қайтадан қолқасын қапты. Басы қайтадан зырқ ете түсті. Терезенің екі жақтауын да бірдей ашып, түні бойы жазған жолдарына үңілді. Екі жарым-ақ бет! Кешкі сегізден таңғы төртке дейін бітіргені осы. Бірде-бір сөзі өшірілмеген екі жарым беттік диалогсыз текст. Жалпы ол өшіріп жазғанды ұнатпайтын. Өзгелердің талай рет көшіремін, өңдеймін, сызамын дегендеріне түсінбейтін, оған қарсы болатын да. «Таза өнер бір сәтте екі тумауы керек, — дейтін ол. — Көркем шығармада «жекелеген сөз» деген бөлек ұғым жоқ, өнер — сол жеке сөзден басталады. Ой мен сана адамға сол сөздерді күні бұрын дәл табу үшін берілген. Керек кезінде дәл табылмаған сөз — жазушының әлі дайын еместігін көрсетеді. Бірі сызылып, бірі түзеліп, айғыз-айғыз болған қағаз алдында отыру ұят емес пе? Әуелі бәрін ойда жазып алу керек. Сөзді өңдеп жазу — жазу — писать, өңдемей жазу — тудыру — творить». Замандастары тұс-тұстан шуылдап, қоя беретін: «Сонда жалғыз сен ғана дүние тудырасың да, өзгелер тек жаза ма? Пушкин, Толстой, Достоевский тағы, тағылар. Сеніңше, олар тек жазды ма? Еш нәрсе тудырмады ма? «Екеуі де бар. Адам құдай емес. Мен ет пен сүйекке табынбаймын». «Сонда…. сен данышпан болдың ғой!!!» «Бар болғаны мен өзімше ойлаймын. Жер бетінде сыналмайтын данышпандық жоқ. Сызбай жазуға да қақым бар». Ол машинкаға бірден жазатын адамның тәсіліне өлердей қарсы еді. Сөзді сыйламаушылық дейтін-ді. «Толстой» «Анна Каренинаны» машинкаға ауызша айтып тұр!» Ауызша айтқан кезде ешқашан «Анна Каренина» тумайды! Жасын екі жарым бетті түгел қайта оқып шықты. Бұл өзен арнасын бұрып, шөл даланы суландыру жобасын ұсынған талантты инженер-ғалымның бұрын өзі ойламаған зиянды салдарға тап болғаннан соңғы ой толғау, тебіренісі мен опынысы еді. Өзіне ұнайтын сияқты. Есік ақырын ашылып, ақ жейде, ақ дамбалмен состиып қарап тұрған әкесі көрінді. –Иә,–деді ол өктем үнмен. –Тағы ұрыс естігің кеп таңды таңға ұрып отырсың ба? –Ә, бала, жап есікті!–деді Жасын оған доқ көрсетіп, – қай бала бақшадан адасып жүрсің? –Жағың пышақ қайрағандай, көзің шөлдің құдығындай, үйің сасық күзеннің ініндей. Бәрібір ертең кәзиттер арадай талайды,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421