боласың! Жасын сақылдап күліп алды. —Сен бала, барып ұйықта. Көп болса фамилияңды алып қоярсың. Маған псевдоним әке болады. —Ол кім псевдоним деген? —Ол да әкенің бір түрі. Бірақ, борсық тұқымдас – ұрған сайын семіре береді. Қолында орта кесесі бар, шалын шынтағымен ысырып ішке анасы кірді. –Ален Делондар мен Софи Лорендер қаптап кетті ғой. –Құрт қатқан тары көже. Ішіп алшы,–деді анасы жұмсақ үнмен. –Әйтпесе ішегің қабырғаңа жабысып қалады. –Сайрай бермей баршы орныңа,–деді кемпірі шалына ала көзімен ата қарап. Аш тауықтай құлқын сәріден сайрайсың! Жүр, мазасын алмайық! –Ол шалын ертіп шығып кетті. Жасын кесені қолына алды. Ыстық та емес, суық та емес, сіміріп салатындай әбі-тәбі екен. Кеше езілген құрт жоқ болатын. Оны езу үшін кемінде бір сағаттай уақыт керек. Анасы да көптен бері ояу жүрген екен-ау! Ол сағатына қарады. Таңғы алты болыпты. Енді бір сағаттан соң әйелі мен баласы да тұра бастайды. Жасын терезені жауып, шамды өшіріп, әйелі жатқан ұйықтайтын бөлмеге қарай жүре бергенде, даусын ақырындатып қойған телефон дызылдай жөнелді. Жасын таңданып, иығын қозғады да, трубканы алды. –Тыңдап тұрмын,–деді ол үйдегі қайта орнаған тыныштықты бұзбай ақырын ғана. Ар жағынан әйел даусы естілді. –Жасын, бұл сіз бе? –Иә. –Қалай ерте тұрғансыз? Алматыда енді таң атқан болар. Бізде жап-жарық. –Бұл кім? –Мен Мәликемін ғой. –Кім?! –Мәлике. Ұмытып қалдыңыз ба? –Қайдан? –Ялтадан. Жасын түкке түсінбей үнсіз қалды. –Алло!Алло! –Біз осында… демалуға келіп едік… –Оның даусы абдырап, үрейлі шықты. –Бағила қатты ауырып, ауруханаға түсті. Кеше… –Мәлике жылап тұр. Жасын жұмсарайын деді. –Мен не көмек бере аламын? –Сіз… сіз келіп кетіңіз. Келуге тиіссіз. Келген соң түсінесіз. Телефонмен ештеңе айта алмаймын. Жасын сәл мүдіріп барып: –Естеріңіз дұрыс па? Ялта – Қаскелең емес қой,– деді. –Және барғанда қолымнан не келеді? –Өтінемін. Екі-үш күнге уақыт табыңыз. Сізге телефон соқпай-ақ қояйын деп едім, болмады. Түсініңіз! Келесіз бе? Оның жағдайы шынымен ауыр. Менің он бес тиындықтарым бітіп қалды, телефон-автоматтан соғып, тұрмын, тез айтыңыз! –Сонда мен Алматыдан шақырылған жедел жәрдем ретінде бармақпын ба? –Ненің ретінде екенін білмеймін, келіңіз. Егер билет алу қиын болса, орталық аэрофлот агентствосының тоғызыншы кассасында, естіп тұрсыз ба, тоғызыншы кассасында тетя Маша деген кісі бар, ұмытпаңыз, тетя Маша! Мені айтсаңыз ұшып бара жатқан самолетке де билет алып береді. Біз «Ореанда» ресторанының жанындағы корпус… Дауыс үзіліп кетті. Мәликенің он бес тиындықтары бітсе керек. «Неткен ұшқалақтық! — деді Жасын ызаланып. — Осындай хабар айтуға келеді, он бес тиындықтарын да жеткілікті ғып алмайды! Ялта! Олар қашан кетіп жүр? Мәликенің идеясы ғой шамасы». Жасын Бағиламен баяғы оқиғадан соң екі-ақ рет телефонмен сөйлескен.
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421