Қ А Р Ғ Ы Н

тек реніш қана емес, санадан туындайтын салқындықты аңғарып, қайтып хабарласпаған-ды. Және өзінің де жанын кеміріп, күннен күнге ұлғайып, сүйек жараға айналып бара жатқан қасіреттей сезімді дәл осы тұста тежеп, шамасы жетсе шідерлеп тастауға бекініп еді. Ол қанша алысқа ұзағанмен, өзін өзі қанша ауыздықтағанмен Бағиланы ұмыта алмасын, нәзіктікке езіле бермейтін қасаң жүрегінде оның бейнесі ақырғы минутқа дейін бірге өмір сүрерін жақсы түсінді. Былайғы жұртқа түрпідей көрінер «Жас қыздың өмірін қор қылармын», — деген ойдан ол қорыққан жоқ, бұлай деп ойламады да, бар қорыққаны — құдайдай табынар сұлулыққа да бір кезде бойының үйреніп, оған көңіл бөлмейтін кездің келерін сезінгендіктен еді. Періштенің қызымен некелескен бір еркек, бес жылдан соң аузы қисық бір әйелге ынтық бопты (Жасынның бір повесіндегі бір шалдың, ер адамның қанағаты мен соқыр нәпсісі жайлы ауыз-әңгімесінен). Жасын әлгі еркектің адамдық қасиетінің өлгенін аза тұтты. Адам бойында ет өлу, үйрену, көз тию, көңіл тояттау сияқты қасиеттердің бұғып жатарын білген ол Бағиламен бірге сұлулық пен ынтызарлық символын өлтіріп алудан қорыққан-ды. Ол жұмыс кабинетінде ұзақ ойланып отырды да, ұйықтайтын бөлмеге беттеді. Дыбысын білдірмей есікті ашты. Әйелінің ұйқысы қанып қалған болуы керек, білдірмей кірсе де бұл енген кезде орнынан бір қозғалып, оң жақ қырына аунап түсті. Жасын паралон халатын шешіп жатып әйеліне қарады. Бейкүнә, бейғам күйде, екі алақанын жағына төсеп, момақан пішінде ұйықтап жатыр. Әлгінде ғана сонау Ялтамен сөйлескенін, ол жақта өз күйеуінің жүрегінен мәңгі орын алған басқа бір қыздың барлығын, мұның келуін асыға күтіп отырғанын мүлде білмейді. Ол анау айтқан сұлу да емес, көп ішінде елеусіз қалар ажарсыз да емес, орта бойлы, қыр мұрынды, жарасымды қастарының екі ортасы көтеріңкі біткендіктен жүзіне ылғи да таңданыс сеуіп тұратын, әдеміше келген әйел еді. Екеуінің арасында түс шайысу, дауыс көтеру деген ешқашан болған емес. Ол Жасынды мейлінше жақсы көретін, сол жақсы көруі екеуі отасқалы бері бәсеңдеген жоқ, бәлкім, олардың ұрыс-талассыз өмір сүрулеріне де әйел бойындағы сол сарқылмаған сезім, сол сезімнен туындайтын кешірімділік әсерін тигізетін шығар. Неге екені белгісіз, осы кешірімділік пен не айтсаң соған көнетін баладай бағыныштылық кей кездерде Жасынның ішкі ызасын оятатын. Өз тағдырын күйеуінің қолына қапысыз тапсырып, алаңсыз ұйықтап жатқан әйеліне Жасын бір сәт аяушылықпен қарады. Өзінің алдында оның инедей де кінәсі жоқ екенін, сондықтан, оны жек көрудің де мүлде қисынсыз, негізсіз екенін ол жақсы білетін-ді. Егер жүрегінен басқа қыз ұмытылмастай берік орын алса, бұл — әйелін ұнатпаудан, жек көруден туған сезім емес, сыры өзіне де жұмбақ, оны жеңуге шамасы жетпейтін, ол үшін ешкімді кінәлауға болмайтын айрықша күш екенін де санамен ұқты. Ялтаға ұшу

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421