Қ А Р Ғ Ы Н

алдына екі бірдей күнәні көлденең тартпақ. Бірі — басқа бір сылтау айтып үй ішімен әйелін алдау, екіншісі — адалдықтан аттау. Осы ой арпалысы өзін тынымсыз мазаласа да, ұстап тұруға болмайтын еріксіз күш оны аэрофлот агентствосының тоғызыншы кассасына қарай итермелей берді. Ол біреу зорлағандай қиналып билет алды, амалсыз самолетке отырды. Самолет те біреу зорлағандай орнынан қинала қозғалды, қинала екпін алды. Әйелдің бөлмесінен бері созылған адалдықтың жібі барт етіп үзіліп кетті. Самолет жерден көтеріліп, аяғын бауырына жиып алды. * * * Жасын Мәликенің бөлмесін тапқан кезде күн батуға бақан бойы қалып еді. Ол бөлмеде жоқ екен. Бұл қалада ол әлденеше рет болған, бәрі таныс. Былтырғы көктемде ғана жазушылардың Чехов атындағы творчество үйінде бір ай демалған, повесінің бірінші бөлімін осында бітірген. Онда кісі аз еді, жаз айы болған соң, теңіз жағасы құмырсқаның илеуіндей құжынаған адам. Жасын сияқты киіммен жүргендер ілуде бір кездеседі, көпшілігі жартылай жалаңаш. Киіммен жүру ерсі секілді. Жағаның құмдауытында ине тастар жер жоқ, жаппай күнге қыздырынып жатқан адамдар. Кеш батуға таянған соң кейбіреулер үрлейтін төсектері мен жастықтарының желін шығарып, қайтуға дайындалып жатыр. Енді біреулер бүгінгі күнді аяғына дейін толық пайдаланып қалмақ боп, жонын күнге тастап, қимылсыз қалған. Бәз біреулер доп ойнап, енді біреулер кітап бетіне үңілген. Алыстан қарағанда ұсақ боп көрінетін адамдар теңіз жағасында шабақтай жапырлап жүр. Көз жетер жердегі мүйіске дейін қыбырлаған адам. Олардың көптігі сондай, бүкіл ел шешініп тастап, түгел суға шомылып жатқан секілді. Жасын киоскіден газет алып, үш-төрт қыз отырған сәкінің бір шетіне жайғасты. Қыздар тым көңілді. Аяқтарын бір-біріне айқастырып, шалқалап отыр. Күнге күйген денелері қыздырған мыстай көзге қоңырқай шалынады. Олар киіммен жүрген бұған таңдана, әрі менсінбей бір қарап алды да, бүгінгі жоспарлары жайлы үзіп-үзіп айта бастады. Және не айтылса да бәрі күледі. Тістері теңіз маржанындай аппақ. Шашы су перісінің шашындай аппақ, сұңғақ бойлы бергі шеткі қыз шашын тәкаппарлана сілкіп қалғанда оның ұшы Жасынды желпіп өтті. Француз духиінің жеп-жеңіл, нәзік иісі мұрынға келді. Адамдар ерсілі-қарсылы ағылып жатыр. Денелері қоладан құйғандай сұлу екі-үш жігіт өтті, олардың соңында ертегіден шығып келген перінің қыздарындай төрт-бес қыз қатар түзеп, байпаңдай басып барады. «Қызық, — деді Жасын іштей, — Қырымның жазғы жағалаулары демалатын, денсаулығыңды түзейтін ғана жер емес. Ол — фестиваль — әдемі дене мен әдемі мүсінді демонстрация жасайтын фестиваль. Мүсін жарысы, әдемілік жарысы». — Қыздар, — деді Жасынға таяу отырған қыз шалқасынан отырған қалпынан жазбай. — Түнде мен ғажап түс кердім. Барлық дүние Қырымның жазғы жағалауындай, қыс болмайды екен ғой деймін. Барлық адам біз сияқты купальникпен ғана жүреді екен. Иә,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421