тастады. Қаратай да аяғына шейін алды. Қаратай алған соң қалғандары жайлы сөз қозғаудың да қажеті жоқ, үш-төрт жігіт бауыры бүгін шіріп кетсе де қағып-қағып тастады. Үй иесі Сәргел ғана қаймақтай ернін бокал ернеуіне тигізіп, «маған у беріп отырған жоқ па екен осы» дегендей ерніндегі коньяк жұғынын тілімен ары алып кетіп, тамсанып-тамсанып қойды да, бір сәтке бет-әлпеті қимылсыз қап, тың тыңдады. Бұл – әйелінің жұрт көзінше коньякты сарқып ішкеніне көрсеткен қарсылық еді. Қарсылық елеусіз қалды. Мәлике күйеуінің көңіл-күйіне мән берген жоқ. Көзінің қиығынан оның тамсанып отырған сәтін бір шолып өтті де, орынсыз қытымырлыққа ыза боп Тұрғатқа: – Қайным, қонақ болсаң да осы үйдегі кіші сенсің, тағы бір-бір құйып шық, – деді. Ол сол сәтте орнынан ұшып тұрып, жұртты аралап бокалдарға коньяк құйып шықты. Сәргел алдындағы бокалдың аузын алақанымен жауып, салалы етсіз саусақтарын төмен түсіріп, хрустальды үгітіп жіберердей уысында мыжғылай берді. Екі жақты арбасу іштей пісіп келе жатты. Мәлике күйеуінің қызғаншақ та қытымыр мінезінен қорықпайтын. Екеуінің арасындағы қайшылық тек бір жақты қызғаныштан – Сәргелдің қызғанышынан ғана туындайтын-ды. Егер әйелі ешкімге көңіл бөлмей, қонаққа барса да, қонақ шақырса да маңайдағы еркек атаулыға (жас болсын, кәрі болсын Сәргел қызғана береді) немқұрайды қалып танытып, тіпті, олар аршып берген конфетті де елеусіз қалдырса, сөйтіп, басқа жақта отырған жерінен өзінің қасына кеп, қызуы қайтқан, сұлулық пен жастыққа селт етпейтін, өзінің күйеуінен басқаға қызықпайтын, тіпті, қажет етпейтін салқын әйелдің кейпімен басының ауырғанына немесе, көңіл-қошының жоқ екеніне шағым жасап өзгелерден ертерек кетіп қалар кездерінде Сәргелдің көңіл-күйі айрықша жайдары болар еді. Бірақ, мұндай сәт сирек, тым сирек кездесетін, әсіресе, соңғы кезде. Күйеуі қанша қызғанғанымен, қанша ашуланғанымен оның бұл мінезінің шарықтау шегі, тоқ етер жері Мәликеге оншалықты қорқынышты емес. Өйткені оның жас жігіттердей шарт сынар қасиеті, күтпеген шешім қабылдар тәуекелі жоқ екені де жас әйелге күні бұрын аян болып тұратын. Өзінің осындай шарасыздығын күні бұрын Сәргел де сезеді. Дәл осы сезіну оны бұрынғысынан да діңкелетіп, дәрменсіздігі ішіне жегі боп кіріп, жүйкесі мен миын ірі егеудей егей бастайды. Мұндай кезде ол шектен тыс кінәмшіл, тырысқақ, тіпті, аурушаң болып алады. Мәлике болса бұған кері мінез танытып, жайдары, ерке, өмірге қүштар, адам атаулының қайғысы мен қуанышына ортақтаса кетер елгезек боп кетеді. Жұмыс кабинеті мен ас үйдің, дәретхананың арасында жұмсақ тапочкасын сырп-сырп басып, әлденелерге наразылығын білдіріп, күбірлеп жүріп алатын күйеуінің көңілін табу мақсатыңда Мәлике бір де бір әрекет жасап көрген емес. Әуелгінде Сәргел өзінен-өзі мүжіліп, бүк түсіп жатып алатын-ды. Айғайлауға, тіпті, ашу үстінде әйеліне шапалақ жұмсауға да қақысы бар екенін ол
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421