— Жасын қабақ шытты. –Сонан соң, «Сіз» дегеніңді қойшы. Бағила кенет айтылған бұл өтініштен таңданып, біраз үнсіз жатты да: — Менің сырқатым нәзіктігіңізді оятты. Солай ма? — Жоқ, — деді Жасын Бағиланың дәл айтылған сөзін мойындаса да мойындағысы келмей. — Ол мені қартайтып жібереді. Әзілдеген болса түбінде шындығы жатқан бұл сөзден Бағила дауыстап бір күліп алды. Оның күлкісіне сестра мен Мәлике де, Жасынның өзі де қосылды. Бұл келген жігіттің қызға ешқандай туыстық қатысы жоқ екенін түсінсе де сестра енді қабақ шытуын қойды, бірақ, өз міндетін ұмытпай оларды асықтыра бастады. —Ертең қайтыңыз, — деді Бағила сәл үнсіздіктен соң.—Рас айтам. —Сенің «жөндеп ауруыңа» мен кедергі жасаймын ба? — Иә. Мұндай жағдайда сізбен кездесе бергенді қаламаймын. Әрі… әрі екі күннен соң әкем келеді. Дәрігерлер хабар беріп қойыпты. Сізді көрсе… ол түсі… түсінесіз ғой. —Әрине, түсінем… — Жасынның еріндері ғана күбірлегендей болды. «Мені көрсе қайғысының үстіне қайғы жамайды, — деді ол іштей Бағиланың ойын жалғастырып. «Иә, сөйтеді. Мен әйел адамды жақсы көру деген белдеуден асып кеткемін. Бәріне қақым бар, тек сүюге қақым жоқ. Қақым бар кезде кездеспеді, бұлай сүйе алмадым. Бірі болса — бірі болмайтын, бірін тапсаң — бірін жоғалтатын адам бойындағы қасиет өмірдің өшпес заңы ма? Неге олай? Сонау жылғы «Театралка» кафесіндегі кездесуден бастап тынышымды алған, ішкі дүниеме қарғын судай күрт өзгеріс енгізіп, әйел адамды шын беріле сүю деген ұғымымды жаңартып кеткен, қалған өмірімде ұмыта алмасымды санамен, парасатпен сезінген осы бір жан иесін жоғалтуым керек пе, жоғалуы тиіс пе? Оқуын бітірген соң ол өз бетінше кетеді, мен өз бетімше қалмақпын ба? Тып-тыныш, бейғам бейтарап? Сонан соң да атқан күнді батырып, тіршілікті жалғастыра бермекпін бе? Ол да сөйте ме? Неге? Неліктен? Әйелім мен баламның барлығынан ба? Өмірдің заңы осыны талап еткендіктен бе? Олай болса, тағдыр мені мұнымен неге кездестірді. Бала сүймей, үйленбей тұрғанда неге жолықтырмады? Бұл да тағдырдың бір әділетсіздігі ме, адамды келемеждеп, сынға салуы ма? Менің бұл махаббатымның құны мен бағасы — әйелім мен екі балам, олардың тағдыры болмақ па? Неткен қымбат, неткен қаталдық! Екі күннен соң дүниедегі ең жақсы көретін адамымның әкесі келеді, ал мен оған дейін кетуім керек, бұл жерде менің рухым да болмауы керек. Қашуым керек! Өйткені мен жасырын ғашық болуға ғана еріктімін, жұрт көзіне де түспеуге тиіспін. Жасырын махаббат! Неткен сұмдық, не деген қорлық!» Ол кенет Бағиланың қолын қайтадан қысты да: —Алматыға барған соң, екеуміз паркте қыдырайықшы, — деді. Бағиланың көз шарасы ұлғайып барып, ернінен күлкі табы байқалды. —Бәлкім, сіз балмұздақ жерсіз? — деді ол күліп. —
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421