айтып тұрмын. — Қыз иығын қозғады. — Алдымен Алматыға жетіп алайықшы. Ертесіне ол Бағиламен қоштасуға қайта келді. —Сау бол, Сур, — деді ол қыздың қолынан сүйіп. — Есіңде болсын, Алматыға барған соң мен кешегі айтқанымды орындаймын. — Оһ, неткен ерлік! — Күлме. Сен қарсы емессің ғой? —Мен сіздің айтқаныңызға қашан қарсы боп едім! — Қыз терезе жаққа мойнын бұрғанда көзінен мөлдір тамшылар жылт ете қалды. Қызық-ау, Алматыда аурухана жетпегендей… Мәлике қызды тыныштандырмақ, боп оны самай шашынан сипалады. Бірақ, жан толқуы үстінде жасалған бұл нәзіктік оны саябырсытудың орнына кеудесінде баяғыдан ұйып жатқан реніші мен назын, ызасы мен сергелдеңін, қуанышы мен мұңын, барлық-барлық сыр қатпарларын қозғап жіберді. Бағила үн шығармай, көзі баттиып ашық жатып тағы жылағанда Мәлике Жасынға бір қарады. Ол бұл қарастан соң жағдайдың бәріне мұны кінәлаған салқын нышан байқап қалды. Ол дір ете түсті. Өзін бір ғана сәтке шарпып өткен көзқарас жақсы көру мен кінәлаудың екі аралығындағы талай сөзді аударып өткен секілді және Жасын адам жанарының тілден миллион есе бай, миллион есе терең екенін дәл осы сәтте алғаш рет шын ұғынды. —Біз кеткелі газеттер сізді сынаған жоқ па? — деді Бағила осы сөзімен бәрін де ой шырмауынан құтқарып. —Әзірге жоқ. Сен келгенше болып қалар. — Ол аздап езу тартқан болып еді, Бағила мән бермеген соң әзілінің мүлде орынсыз шыққанын түсінді. — Мен тағы келем, — деді ол басқа ешқандай сөздің ретін таппай. — Өзім алып кетем. Төрт-бес күннен соң. Бағила бетін бері бұрды. — Керегі жоқ, — деді ол Жасынға көз тоқтата қарап, — мен өзім барам сізге. Жасын толқып кетті. Бұдан ары қарай тіл қатудың артық екенін білді. Қанша ақылды сөз болғанмен олардың бірде-бірі әлгі сөзден кейін туған үнсіздікке тұрмайтынын, одан аспайтынын сезді. Ол орнынан үнсіз көтерілді де, еңкейіп кеп Бағиланың маңдайынан сүйді. Сонан соң ләм деместен есікке қарай бұрыла берді. Сол сәтте есік өзі ашылып, күтпеген жерден бас дөрігермен бірге Қаратай мен Тұрғат кіріп келді. Оларды ертең келеді деп ойлаган Мәлике мен Жасын тұрған-тұрған жерлерінде қатты да қалды. Азапты үнсіздік үш-төрт секундқа созылды. Қаратай — Мәлике — Жасын арасындағы жанар алмасу біте берген сәтте бас дәрігер сөз бастады. — Қызыңыздың мұндай сырқаты барын байқамағандығыңыз киын болған, — деді ауру жатқан жаққа қарамауға тырысып. — Оқасы жоқ, бүгінгі медицинаның араласуына әлі кеш емес. Жақын арада бәрі жақсы болады. Сіздерді мазаламауға да болар еді, бірақ, кім біледі, хабар бермеуге хақымыз жоқ. Қаратай дәрігердің сөзін жүре тыңдап, қызының қасына келді де, маңдайынан иіскеді. — Кінәлімін, кешір, — деді ол
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421