Қ А Р Ғ Ы Н

Бұрын неге білмегенмін? Әке болған соң білуге тиіс едім ғой. — Оның даусы дірілдеп, теріс айналып кетті. Қалтасынан орамалын алып, білдірмеген боп әуелі мұрнын, сонан соң тез арада көзін сүртті. Келесі сәтте бойын қайта жинап, қызына қарады. Онымен Тұрғат амандасып жатыр екен. Ол да түу алыстан келген соң қол алысып қана қоюды қомсынғандай Бағиланың маңдайынан сүйді. Жаңа ғана Жасын сүйген маңдайдан. «Неткен жиіркенішті, —деді ішінен Бағила. — Бір маңдай, оны бірінен соң бірі кеп, мүлде екі түрлі адам сүйіп өтті. Бір-біріне кереғар екі адам. Мақсаттары да, мақсатқа барар жолдары да, таным-түйсіктері де екі басқа. Тұрғаттың неге ілесіп келгенін әкем білмейді-ау. Азаматтық деп ойлайтын шығар». Жасынмен қонақ үйде айрылысқан соң Бағила Тұрғаттан хат алған-ды. Ол сегіз бөлмелі үй салдырғанын, ішінің жасау-жиһаздарға толғаны, бірақ, оған ең қымбат алтын жиһаз — Бағила ғана жетпей тұрғанын жазыпты. Мұны «алтын жиһаз» деп атапты. Өзінше, сүйікті қызының бағасын асырғаны осы бопты. Ол беделінің облыс алдында да жаман емес екенін, «Қаратай Исаевичті жанындай жақсы көретінін», оның да дәл осылай өзін «жақсы көретінін» жазған екен. Қазір өзінің күн сайын спортпен шұғылданатынын, ГТО значогын алғанын, тіпті, бір бұзау асырағанын, соны күн сайын бір жыл бойы көтере беретінін, бір жылдан соң салмағы 120-130 кг. тайыншаны оп-оңай көтеріп кете біреудің жолын осылай ойлап тапқанын жазыпты. Сол хат есіне түсіп, Бағила есік жаққа мойын бұрды. Босаға жанында тұрған Жасынның жоқ екенін сонда ғана көріп, ауру жүрегі зырқ ете қалды. Оның көз алды қарауытып кетті. Адамдардың сөйлескен, дабыр-дұбыр болған дауыстары алыстап, талмаусырап бара жатты. Дәрігерлер палатадағы бөгде кісілерді түгел сыртқа шығарып жіберді. *** Есік алдында елеусіз қалған Жасын жұрт естерін жиған соң туыстар арасында ыңғайсыз жағдай тудырарын сезіп, олар абыр-сабыр боп жатқандай-ақ сыртқа шығып кеткен-ді. Ол адамдары сапырылысып жатқан жағалаудан жоғарырақ көтеріліп, кеңдеу көшенің тротуарына түсті де, автовокзал жақты бетке ұстап, жаяу жүре берді. Есіктен кірген бетте өзіне қадалған Қаратайдың жанарын көз алдына елестетті, «Ол маған күдікпен қарады. Бұл қарас — қияндағы Қырымда ауырып жатқан қызының палатасынан қазақ жігітін кездестіргеніне таңдану емес, — деді ол іштей. Ол — тану. Ол мені білетін сияқты. Маған қараған көзіндегі қарашығының қимылдауы соның дәлелі. Дегенмен, жаман адам болмауы керек. Қызына не деп айтты? «Кінәлімін кешір. Бұрын неге білмегенмін? Әке болған соң білуге тиіс едім ғой!» Әке парызын сүйекпен, қанмен түсінетін адам айтар сөз. Фолкнерді оқымаған шығар, Кавабата дегеннің кім екенін білмес, «Ағайынды Карамазовтарды» қолына ұстамаған да болар. Онда тұрған не бар? Оларсыз да жақсы әке болуға әбден болады ғой, солай ғой!» Кенет оның есіне өз

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421