Қ А Р Ғ Ы Н

Олар да неге екені белгісіз, дәл әлгі палатаның екі кереуетінде қатарласып жатқандай елестеді. Екеуінің де көзінде көлкілдеп жас тұнған. Жанашырлардың бәрі келіп, кетіп жатыр. Олардың әкелері келмейді. Ешқашан келмейді. «Мен кінәлімін», — деп көзіне жас алмайды. Жасынның жүрегі шымырлап, демі жиілеп, қан тамырлары солқылдап кетті. Ол жолдан адасып, қаланың мүлде басқа жағынан шығыпты. Автовокзалға апарар жолға қайта түсті. Жолдан шатасқаны секілді, басын шырмаған ойлардың да бағыт-бағдарсыз жүйе қуып, ешқандай байламсыз, тоқтаусыз зулап бара жатқанын аңғарды. Ол күн батуға арқан бойы қалғанда барып, әйтеуір автовокзалға жетті. Автобустың жүруіне небары он бес-ақ минут қалыпты. Жолаушылардың біразы отырып та жатыр екен. Ол автобус жанына келгенде алдынан Мәликенің жүгіре шыққанын көріп, таңданғаннан қалт тұра қалды. — Ойбай-ау, сіз қайда жүрсіз! Уайымнан жынданып кете жаздадым ғой! — деді ол алқына сөйлеп. — Автобус жүргелі тұр! — Бұл болмаса келесі бар шығар, самолет бәрібір түнгі он екіде ұшады. — Не деген сабырлы адамсыз! Билет алынып қойылған. Жүретін болған соң уақтылы жүру керек қой. Бұдан кейін автобус жоқ, троллейбус қана. Онымен ішіңіз көгеріп кетеді. Мәликенің шаруақор, пысық, қамқор үніне Жасын іштей сүйсініп, оған қарап жымиып қойды. Жаз айында самолеттің билеті бір қараның құны боп кеткен Ялта сияқты қалада да ол жолын тауып, кеше билет алып келген. Автобустан қалып қоя ма деп уайым ғып тұрысы тағы мынау. «Мұндай адамдарсыз адамның күні қараң-ау, — деді іштей Жасын. —Кейде бұны да қадірлей бермейміз. Және өзі қандай көрікті. Әйел адам көрікті болуы керек екен ғой. Қайдан алса онан алсын, әйел адам көрікті болуы керек». Ол ойымды оқып қоймасын дегендей Мәликеден көзін тайдырып әкетті. —Сіз кеткен соң Бағиланың жүрегі қайта қабынды, — деді Мәлике даусын кенет баяулатып. Жасын оған жалт қарады. —Қорықпай-ақ қойыңыз. Тәуір болды. Жігіт ауыр бір күрсінді. —Иә, біз сізді осылай ұмыттық! — деді Мәлике ойнақы үнмен. Екеуі де бір-біріне қарап күліп алды. — Менімше, бар идеяның басы сіз ғой деймін? —Иә, мен! — деді Мәлике ши қалпағын түзу тұрса да жөндеп қойып. — Жалпы, бәріне кінәлі менмін. Тіпті, Африкадағы мемлекеттік төңкерістерге де қатысым бар ма деп қалам. —Сізге ши қалпақ жақсы жарасады, — деді Жасын оның сөзіне сүйсінгенін мүлде басқа аңғарымымен білдіріп. —Әлгі кісілер қашан қайтады екен? —Ә-ә, айтпақшы, — деді Мәлике Жасынның иығынан қағып қойып. — Қаратай сені сұрады. Сұрағанда бар ғой, бірден атыңды атап сұрады. Менің иманым ұшты. Оңашада ұрысатын шығар деп ем, қайтып бұл жөнінде ләм демеді. Менімше, ол сені, соншалықты жек көрмейтін сияқты. Ал, қасындағы жігіт! Уий! — Ол бетін тыржитып, қолын сілтеді.

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421