жек көреді. Бағиланы Алматыға сол алып бармақшы, Қаратай ертең дәл осы рейспен ұшады да, ол осында қалады. Егер дәрігерлер рұқсат етпесе, ауылға барып қайтып келмек.. Жасын оған тесіле қарады. Мәлике де бұдан көз алмай үнсіз қарап тұрды да, кенет екі бетінің ұшына түймедей екі тамшы қызыл шеңбер пайда болып, ол тез арада жайыла бастады. Бет-жүзі түгел қызылға боялып біткенде барып, ол кірпіктерін қағып-қағып алды да: –Ой, мен сізге «сен» деп сөйлеппін ғой, кешіріңіз, — деді күбірлеп. — А-а, солай ма? Мен басқа оймен әлек боп тұрғанда сіз кешірілмес күнә жасаған екенсіз ғой. Естімеген ол сөзімді мен ақтық демім біткенше кеше алмаймын! — Біз барғанда сіз Алматыда боласыз ба? — деді Мәлике оның көтеріңкі даусына сабырлы үнмен жауап беріп. —Неге «біз барғанда?» Мен тағы келемін дедім ғой. —Керегі жоқ. Әлгі жігіт осында болады. Ол сізді ұнатпайды. Жалпы, жазушыларды ұната бермейді. Оның үстіне, ол… ол Бағиланың оқу бітіргенін күтіп жүр. Жасын қалтасынан сигарет алып, асықпай тұтатты. Темекі түтінін бірінің артынан бірін тез-тез екі-үш будақтатып алды да, жайымен ғана: —Білемін, — деді. —Қалай? Бағила айтып па еді? — деді Мәлике таңданып. —Айту шарт емес. Сезем. Ол бағана есіктен кіріп келе жатқанда көзінен танығам. Беріден ғана ойлайтын адамның бет-жүзіндегі құбылыс та күрделі емес, оқу оңай. —Білесіз бе, — деді келесі сәтте Мәлике төмен қарай тұрып. — Мен сізге ризамын. — Не үшін? — Шынымды айтсам, бұрын мен де жазушыларды онша ұната қоймайтынмын. Шығармаларын сүйіп оқысам да өз бастары жайлы пікірім мүлде басқа еді. Неге олай екенін қайдам, әлде, терең ойдан гөрі шолақ ойдың адамдары көптіктен бе, осындай пікір өзінен-өзі қалыптасты. Сіз оның бәрін тас-талқан етіп, жазушы деген ұғымды көз алдымда биікке көтердіңіз, осы уаққа дейін өзімнің аласа ойда жүргенімді түсіндірдіңіз. Автобус жүруге дайындалып, моторы гүрілдей бастады. — Мен сізді самолетке шығарып салайын, — деді Мәлике ерекше бір қимас үнмен. — Есіңіз дұрыс па?! Сонау Симферопольге бармақсыз ба? Оның үстіне билетіңіз де жоқ. Есіңізде болсын, Мәлике — жер бетіндегі билет атаулының сиқыршысы. Ұшып бара жатқан самолетке де билет ала алам. — Ол күліп қойды. — Жоқ. Бағиланың қасына барыңыз. Қаратай да сізді жоқтап отырған шығар. — Оған айтып кеткем. — Мені шығарып салуға кеттім деп пе? — Иә. Несі бар, білсін… Ол Мәликеге қарап тұрып басын шайқады. —Сен өте қайсар әйелсің, — деді әдейі, «сен» дегенді қадай айтып. Мәлике бұған жанарын бір тастады да, кірпіктерін қайта құлатты. Жасын автобустың басқышына аяғын қойып тұрып, онымен қол алысып қоштасты. Сол кезде ол Мәликенің кірпіктері дірілдеп,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421