Қ А Р Ғ Ы Н

әрекеттің екеуі де қазіргі жағдайды жақсартуға көмегін тигізе алмасын, керісінше, іштей арпалысты сыртқа шығарып, ашықтан-ашық жауласуға апарып соғарынан аяқ тартатын-ды. Ал Сәргелдің жасында ашықтан-ашық жауласуға бару – өз қолымен болашақ жеңілістің қабырғасын қалаумен тең. Өзінің ашық майданда жеңіске жете алмасын сезген ол, күрестің қарусыз түрін – наразылық пен қарсылық әдісін таңдауға мәжбүр еді. Жыл өткен сайын бұл әдіс те босаңсып, ол әйелінің дегеніне мысқалдап көніп келе жатты. Амалсыз, шарасыз көніп келе жатты. Ал, Мәлике болса мұны жеңіс деп бағалаған емес. Ол мына үйдің ішінде өз дегенінің салтанат құратынына кәміл сенетін, сенетін де мына күйеуінің ұйқыдағы аюдай ін түбінде жатып ап, тез беріле қоймағанына ызаланатын және өз ойының үстемдік алуын, семьядағы өзара толық түсінушілік деп бағалайтын-ды. Олардың жұбайлық өмірінде бір адамның толық үстемдік етер кезеңі (тең право екеуі қосылғалы болған емес) туып келе жатты. Мәлике күйеуіне ашуға ашумен жауап бермей-ақ қас-қабағымен, ас үйде шай ішіп отырып оның қызғанышының мүлде орынсыз екенін, жаман болсын, жақсы болсын күйеуге тиіп, бір шаңырақтың астында тұрып жатқан соң адалдықты аттауға ары жібермейтінін және орынсыз қызғаныш арқылы әйелдік арын аяққа таптайтынын мейлінше нанымды, мейлінше байыпты үнмен қысқа-қысқа айтып өтетін-ді. Бұл сөздер оның ұстамды бет-пішінімен, салқын да сабырлы даусымен, сенімді де нық қимылдарымен етене қабысып, жалғандық атаулыға ешқандай күдік қалдырмайтын. Бірақ Сәргелдің жасы мен Сәргелдің табиғатындағы адамдар күдіктен біржола қол үзіп кетуі мүмкін емес-ті. Әйтсе де, қанша ауытқығанмен тал түбінен кетпейтін көлеңке секілді, көңілінен сейілмейтін сол күдігінің ар жағынан түнгі ауылдың алыстан көрінген жалғыз шамындай сенім сәулесі жылт-жылт етіп, жанына медеу болатын. Соңғы үш-төрт айда сол сәуле күшейе түскендей еді. Сәргел бірнеше рет ойламаған жерден жұмыстан оралғанда әйелінің жат оймен еш хабары жоқ, ванна бөлмесінде көпіртіп кір жуып жатқанын, немесе қыс қамымен варенье қайнатып, компот жасап, семья тауқыметін алаңсыз арқалаған адамның тірлігіне қайрылмастай берілген қалпын көріп, жүрегі орнына түсетін. Екі рет командировкасынан да мүлдем ерте келді (соңғы рет Тәшкен сапарынан). Және түн ішінде. Мәлике екі баласын екі жағына алып, бейғам ұйықтап жатыр екен. Есікті қалтасындағы кілтпен өзі ашып кірген. Әйелін оятпай тұрып үйден күдікті әрекеттердің болмашы іздеріне шейін бақылап шықты. Бәрі қаз-қалпында. Жолдан қайтып келгенде әйеліне сездірмей баса назар аударатын темекінің күл салғышы да киім ілгіштің жанынан қозғалмапты, ішінде қалған бір тал таза сіріңке шиі де алынбаған. Әр жерде балаларының киім-кешегі, шимайлап сурет салған қағаздары шашылып жатыр. Үйде мүлгіген бейбіт тыныштық, шаңырақ астында бала қамы, семья қамы, оларға деген аналық қамқорлық салтанат құрған. Тіпті, өзі кіріп келіп, шам жаққышты шырт еткізгенде де не дыбыстан,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421