Қ А Р Ғ Ы Н

Мәликенің оянбауы әйелінің алаңсыздығынан хабар беріп, сенімін нығайта түсті, сонымен бірге өзінің орынсыз күдігі мен жасырын арамдығын сейілтіп жүрек түбінен адалдық алдындағы кінәсін мойындатқан ұятын шымырлатып өтті. Табиғатынан тоғышарлыққа ынтық жан дүниесі тоят тауып, бұйығы, алаңсыз, разы өмірге еніп келе жатқан осындай кезеңде әйелінің күтпеген жерден бүгінгідей қылық көрсетуі Сәргелдің ұйып келе жатқан сенімін сетінетіп, бұған дейін едәуір қалыптасып калған оң көзқарасын іштей қайта таразылауына мәжбүр етті. Осы мәжбүрліктің оянуымен бірге ішкі арпалысы мен сергелдеңі де қоса бас көтерді. Қонақтармен қайта бокал соғыстыруға кірісіп кеткен әйелінің дәл қазіргі қимылы мен жайдары мінезіне – өзіне соншалықты ұнамайтын мінезіне қарап отырып Сәргелдің күдікті ойының тұңғыш рет басқа арнаға, бұрынғыдан да азапты жаңа арнаға бұрылғанын алғаш сезінді. Ол сезім – бойындағы қызғаныш пен күдік сергелдеңінің өмір бойы, өле-өлгенше өзімен бірге жасайтындығын алғаш ұғыну еді. Бұдан алты жыл бұрын әйелі дүние салды. Оның өліміне Сәргелдің қызғаныштығы тікелей себеп болды. Марқұмның жүрегінің ұстамалы ауруы бар еді. Әйелі жұмыстан сәл кешіксе де, дүкеннен әлдеқайда бір заттар алып, айтқан уақытысында келе алмаса да, тіпті, жұмыста отырып үйге телефон соққанда телефон бос болмай қалса да «Неге кешіктің?», «Дүкенде кіммен жолығып қалып едің?», «Телефонмен қай сүйгенің сыр айтты?» – деген сияқты мысқылмен жанын жейтін. Мұндай сөздерге жауап бере алмай ол әлденеше рет буынып, талып та қалып жүрді. Әйелі мұнымен бірге қонаққа барудан да қалды. Қонаққа барып қайтқан күні үйде керіс болмай тынбайтын. Тіпті, телевизор көріп отырғанда «Дикторға неге сонша тесіле қалдың?» – деп дау бастаудан да жалықпайтын. Ақыры осындай бір даудың үстінде әйел ас үйде құлап түсіп, жедел жәрдеммен ауруханаға аттанды. Екі баласын ертіп, ертесіне сәскеге жуық артынан барса, ол о дүниеге жүріп кетіпті. Күйеуіне арнап бір парақ қағаз қалдырыпты: «Балаларды төркініме апарып таста. Мен кеттім. Қызғансаң о дүниеге кел». Ол есеңгіреп кетті. Басы шуға толып, балаларының «мамалап» жылағанын да естіген жоқ. Әйелінің соңғы сөзі көпке дейін есінен кетпей қойды. Тек, өлім, өлім ғана өз кінәсін мойындатқанын, бұған дейін қызғаныштығының неге апарып тіреріне мән бермегенін, ең соңында оны қорлап, азаптап өлтіргенін сезінді. Әуелгі кезде ол мұндай кенет соққыдан ес жия алмастай болып еді, бірақ арада бес-алты ай өткен соң қайғы табы көмескіленіп, жүзіне қайтадан қан жүгіре бастады. Жолдас-жораларымен әзіл айтып, көңілсіздігін күлкі алмастырды. Бұрын әйелі барда ойынан күдік, бойынан қызғаныш арылмай еңсесі түсіңкі жүруші еді, енді оның бәрінен құтылып, өзін мүлдем жеңіл, мүлдем азат сезінді. Осы жеңілдік пен осы азаттығының ар жағынан қылт етіп ауық-ауық көрініп, арын шымшылаған басқа бір кінәлаушы сезімді ұясында тұншықтырып, іште

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421