Қ А Р Ғ Ы Н

сезім біржолата өліп, жазылған жарадай мұның мазасын алмайтын болды. Бір жыл өткен соң Мәликеге үйленді. Мәлике бұған дейін есік көрген әйел-ді. Күйеуі Алматының кішігірім бір ресторанында барабанда ойнайтын. Алғаш рет композитормын деп танысқан. Ұзын шашы мен қауғадай сақалына және музыка жайлы айтқан әңгімелеріне қарап болса болар деп шын сенген. Ол кезде бұл ұлттық тағамдар сататын «Береке» дүкенінде сатушы боп істейтін. «Композитор» таныстықты созған жоқ, бір айдан соң-ақ үйленейік деген ұсыныс айтты. «Әзірге жолы болмай жүрген жас таланттың» тілегін қабылдамауға Мәликенің еркі жоқ еді, ол да келісім берді. Болашақ күйеу балаларымен таныстыру үшін оны Алматының іргесіндегі үйіне ертіп барған. Қыз әкесінің үйіне күйеу бала жүн-жүн боп кіріп барғанда ойнап отырған балалар бұрыш-бұрышқа бытырай қашып, сәті түскендері есіктен саңылау тауып далаға атылды. Күйеу баланы күтіп, дабыр-дұбыр, мәз-мейрам боп отырған кемпірлер кәлимаға тілін келтірген. Жастар жиналып, азын-аулақ отырыс қызғанда күйеу бала өнер көрсетті. Ортаға шығып ап, жын ұрғандай биледі. –Барабан! – деді айғай салып арасында. –Барабаны несі?! –Дайте мне мой барабан! Мен барабанға арнап концерт жазғанмын. Мәликенің әкесі мектепте оқу бөлімін басқаратын, бір-екі жігітті жіберіп барабан алдырды. Барабанға арналған концерт түн жарымына шейін созылды. Той Алматыда, ресторанда өтті. Мәлике осы той үстінде ғана күйеуінің ешқандай да композитор емес, «Тастақ» ресторанындағы оркестрде жай барабаншы екенін білді. Оны жігіт жағынан шақырылған қонақтардың бірі айтты. Жұбайлық өмір алғашқы түннен салқын басталды. Үш айдан соң екеуі екі жаққа ажырасып тынды. Сәтсіз неке Мәликені жасытып кетті. Бұдан соң да ол біраз жігіттермен танысып көрді. Бәрінен де қыдыруға бар, үйленуге жоқ ниет байқап, еркек атаулыдан іргесін аулақ салып жүрді. Уақыт өтіп жатты. Ол жиырма сегізге келді. Қиялында армандаған, қиялында күткен болашақ жардың елесі күн асқан сайын алыстап бара жатқанын, белгісіз үміттің есігін күзетіп, жастық шағының жалыны әлсіреп бара жатқанын сезді. Өзі теңдес жігіттердің бәрі әлдеқашан үйленген, ал үйленбегендері тіс қаққан қу, немесе аяғын есеппен басатын пысықтар. Соңғы тектегі жігіттердің танысқан күні ертеңінде телефон соғып, ұялмай-қызармай, қазы-қарта, жал-жая сұрайтыңдарынан намысы қозып, кеудесін жиреніш биледі. Еркектердің ұсақтығына, олардың пендешілікке бейімдігіне ызаланды. «Жігіттер қайда? – дейтін ол оңаша үйде жалғыз жатып. – Еркектер қайда кеткен? Бәрі осындай болса күйеуге тиіп керегі не? Әлде, жөні түзулері отызға шейін үйленіп біте ме екен?» Мәлике осы кезге шейін кездестірген жігіттерінен төрт-ақ қасиетті байқады: ішу, жеу, күлу, төсек. Бәрі де осы төрт бұрышты түсініктің ішінде ғана ғұмыр кешетін сияқты. Бәрі бір деңгейде. Бұл төрт түсінікті меңгеру үшін институт бітірудің, диплом алудың, тіпті, адам болып жаралудың өзі шарт емес екеніне ешқайсысы ой жібермейтін

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421