ызалы кезінде Сәргелге жолықты. Дүкенге келіп, оны-мұны заттар алып жүретінін бұрын да көргені бар. Соңғы кезде жасарып, жас жігіттей жинақы, ширақ қалыпқа түскенін де байқаган. Бірақ оның қайда, не қызмет істейтінінен бейхабар еді. Шашына ақ қылау араласа бастағаны болмаса анау айтқан кәрі де емес, қырық бес, қырық алтылардың ішінде. Бір күні дүкенге қымыран түсе қалды. «Қайта өркендеу» дәуіріндегі кісі қымыран көрсе түбінде ұйықтауға дейін дайын екен. Қымыран үш күн бойы үзбей түсіп тұрды. Үш күннен соң өрістегі түйені кесіртке еміп кеткендей таппа тыйылды. Бірақ, үш күндік қымыран екеуін таныстырып барып тоқтады. Бір жұма өткен соң екеуі жұмыс аяғында кездесуге уағда байласты. Мәлике дүкеннен шыққанда Сәргел есік алдындағы телефон–автоматтың жанында үстіне ағаш көйлек кигендей сіресіп күтіп тұр екен. Мәлике мырс етіп күлді де, оның жанынан тық-тық басып өте берді. – Імм… Сәлеметсіз бе, – деді ағаш денеге жан бітіп. – Ә, Сіз тұр екенсіз ғой. Сәлематсыз ба? Көп күтіп қалған жоқсыз ба? –О, жоқ. Сіз секілді қызды таңға шейін кірпік ілмей күту бақыт емес пе? –Онда алты күн бойы бақытты боласыз? –Імм… түсінбедім, – деді ол сыпайы жымиып. –Бізде мен секілді бес қыз жұмыс істейді, менімен алтау. –Ғажап! – деді Сәргел басын оқыс шалқайтып, алақанын шарт соғып. Мәлике оқыс қимылдап күлкісін кілт тыйып, оның бетіне бажырая қарады. – Ғажап! Әзіліңіз тамаша екен! –Түу, зәремді алдыңыз ғой. Композитор емессіз бе? –Жоқ! Доцентпін! –О–о, ғалыммын деңіз! Қымыранға көптен құмарсыз ба? –Жасымда түйе еміп өскем. –Жас кезінде адам бір жануарды еміп өспесе кейін тарихшы болмайды ғой деймін. Менің бір тарихшы танысым бар, академияда, ол жас кезінде ешкі еміп өсіпті. Қазір күн сайын телефон соғып, ешкінің ірімшігін сұрайды. Ал сіз қымыран сұрайсыз. – Ол тағы күлді. Сәргел намыстанған сыңай танытып, зорлана езу тартты. Мәлике Сәргелмен таныстықты әшейін қызық үшін, ермек үшін бастаған, бертін келе әуелгі кезде кәрі көрінген тарихшыға бойы үйреніп, әр сөзін тамсанып айтар мәнеріне, ағаштан шауып жасағандай жүрген кезде қозғалмайтын денесі мен мойнының сірескен қалпына, кісіге қашан да астармен, сынай қарайтын жымысқы жанарына, күн шыжып тұрса да үстінен тастамайтын галстугі мен пиджагіне, жүрек айнытардай бұрқыратып француз духиін себетініне, осы таныстық аралығында байқап үлгірген оның қытымыр мінезі мен қызғаншақтығына, тіпті, анық аңғарылып тұратын сараңдығына да үрке қарамайтын болды. Және бұл қасиеттердің бәрі дерлік бұған дейін кездескен жігіттердің жасында да, жасамысында да бар болатын, сондықтан мұндай мінез Мәликеге аспаннан түскендей жаңалық болған жоқ және Сәргелдің олардан бір артықшылығы – танысқан күні ертеңіне қазы-қарта сұрап телефон соқпады, салған жерден төсекке де икемдемеді,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421