Қазір қаңырап бос тұр. Терезеге ашық сары жібектен перде ілініпті, оң жақ бұрышта, жиналмалы жұмсақ диван жанында перде түсіне сәйкес сарғыш торшер тұр. Қарсы бетке екі қатар румын кітап сөресі қойылып, оның жоғарғы жағына қатырылған бұғының басы ілініпті. Оның көздері сарғыш торшерден түскен сәуледен жылт-жылт етіп, мына шағын дүниенің көзге көрінбейтін арғы түбінен ерекше бір құбылысты байқағандай аңтарылып қарап қапты. Өзін кім атқанын, неге атқанын, былайғы денесінің қайда жоғалғанын, мұнда не үшін ілулі тұрғанын, кімнің үйіне келіп ілінгенін білмейді де, білгісі де келмейді. Оған ең маңызды нәрсе – осылай кірпік қақпастан тар дүниенің көрінбейтін алыс көкжиегінде болып жатқан белгісіз бір құбылысқа аңтарылып қарап тұра беру. Оған тек қарап тұру міндет, кімнің үйі болса да ол үшін – бәрібір, мұп–мұздай музей қабырғасы ма, бәрібір осылай қарап тұра береді. Дүниеге о баста осылай қарап тұру үшін келген. – Қаласаң терезенің бір жағын түгел ашып қой, – деді Мәлике, – Көшенің бұл жақ бетімен машина жүрмейді. Тыныш. Ал, жайғаса бер. Осы бөлме түбі сенікі болады. Міне, мында пластинка тыңдауыңа болады. Пластинкалар мына полкада. Лили Иванова, София Ротару, Луки Маринеску, Арсен Дедич, Бисер Киров, Муслим Магомаев, Дин Рид, Попура Фукуда… Қалағаныңды алып тыңдай бер. Қысылма, өз үйіңдей көр. Мен адам мінезінің ашық болғанын ұнатам. Екеуміз әлі талай әңгімелесеміз. Әзірге қонақтарға барайын, келістік пе? Бағила сыпайы күлімсіреп, басын изеді. Мұнда ауа таза, әрі салқын екен. Залда отырған қонақтардың дабырлаған дауыстары еміс-еміс естіліп тұр. Өзі кеткен соң олардың да сәл еркіндік алғаны аңғарылады. Бағила күні бойы темекі түтініне көміліп, керексіз әңгіме мен шудың арасында неге отырғанына таңданды. Ол терең бір күрсініп, диванға шалқалай отырды. Сөредегі қатар-қатар тізілген кітаптарға көзі түсті. Күні бүгін сатып әкелгендей тап-таза. Бағила бұл үйдегі кітаптардың білім көзі есебінде атқаратын қызметінен гөрі, мүлік ретінде атқарар ролі басымырақ екенін аңғарды. Ол есік жаққа жай бір қарап алды да, орнынан тұрып, сөреге жақындады. Қолына түскен бір кітапты алып, атына назар аударды. «Эллинизм эстетикасы». Ішін ашты. Бұған дейін қол тимеген болса керек, кітап беттері беймезгіл мазасын алғанына наразылық білдіргендей сытыр-сытыр етіп, екі-үш беттен қосарланып қинала ашылды. Ол бір-біріне жабысып қалған парақтарды ажыратып, алғашқы бетін оқып көрді. Әріптері ұсақ, оқуға қиын екен. Жарты бетін жүгіртіп оқып шықты. Шала ұқты. Көп сөйлемдерді түсіне алмады. Сонан соң орнына қайта қойды. Диванға кеп отырды. Басын қайтадан жоғары көтергенде кітап сөресінің үстіндегі бұғының кепкен басын көрді. Оның көлеңке жақтағы көзі бұған ұрлана қарап тұрған сияқты. Бағиланың денесі тітіркеніп, жүрегі мұздап кетті. Ол орнынан ұшып тұрып есік жаққа
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421