бөлмеде отырғандардың поездағы жігітке көрсеткен әділетсіздіктерін мүлдем ұмытқандарын, енді ол жайлы ешқашан, ешқашан ойламайтындықтарын түсініп, олардың бейғам күлкілерін тіпті ұнатпады. «Қызық! – деді кенет таңданып. – Мен оны неге ойлаймын? Неге оны ойлауға тиіспін және ол жайлы ұмытып кетті деп қонақ бөлмеде отырғандарды не үшін кінәламақпын? Оны поездан түсіріп тастаған жоқ қой, бар болғаны басқа купеге ауыстырды, екі адам келе жатса басқа купедегі жалғыз адамның орын ауыстыруын ол да сұрар еді. Өтті де кетті, ондай ұсақ оқиғаны мен емес, өзі де ұмытқан шығар, мен неге өзімді кінәлі санаймын»? Әуелгі кезде жаңалықтай боп көрінген бұл сауал оның санасындағы жігіт бейнесін біршама көмескілеп, бейтаныс адам жайлы ойлай беруге ешқандай негіз жоқ деген қорытындыға әкеп тіреді. Осыған дейін түйгенінің бәрін өткінші аяушылыққа жорып, соңғы қорытындыны бірден-бір дұрыс шешім деп алаңсыз сенуге бет бұрғанда, санасының терең түкпірінен өзіне түсініксіз қимастық бір сезім бөлекше бас көтерді. Енді ол соңғы күдігі мен кенже ойының арасында жатып, ми қатпарының басқа бір нүктесінде өз бетінше пайда болтан: «Оның аты-жөні кім болды екен?» – деген тосын сұраққа еріксіз таң қалды. Кейде адам санасы мен миы бұрын келіп түскен сауалдарға өз бетінше, автономиялы түрде жауап әзірлей беретініне алғаш көзі жетті. Есік ашылып, Мәликенің тамаққа шақырған даусы естілді. Асқа зауқы болмай жатса да ізет сақтап, қайшылығы мен қызығы мол ойларын амалсыз диванда қалдырып, орнынан тұрды. Есік тұтқасынан қолын айырмай, мұны күлімсіреп күтіп тұрған Мәликеге қарсы бара жатып жай ғана күрсінгенін Бағила өзі де аңғармады. Бағана араларында отырғандықтан мән бермеген бе, Бағила уақытша кетіп қалып, қайта оралған сәтте Қаратай мен Сәргелден басқа жұрт сөздерін кілт тоқтатып, абдырап қалды. Қастарындағы Мәлике де ас үйге кетіп, бір-бірінің көнтиген ерін, қоңқақ мұрын, сыпыра құлақтарына үйреніп қалған көздер есіктен жайлап еніп келе жатқан сұлулықтың үлгісін көргенде таңқалған сезімдерін жасырып қалуға шамалары жетпеп еді. Тұрғат орнынан ұшып тұра бергенде, стол ернеуіне жақын қойылған тарелканы белдігінің доғасымен іле көтеріп, салатымен қоса төңкеріп тастады. Жерге түскен шанышқыны іле-шала қуамын деп шапшаң еңкейген кезде еріп тұрған тортқа маңдайын батырып алды да, бәрібір жұртқа көрінер бет жоқ екенін сезіп, сол бойы стол астына кіріп жоқ боп кетті. Кесірлі шанышқыны тауып, үлкен әбігермен оны стол үстіне қоя бергенде жұрт ду күлді. Тұрғат ванна бөлмесіне шыға жөнелді. Өзінің қызына жұрт назарының қадала қалғанынан біршама ыңғайсыздыққа түскен Қаратайдың қазіргі күйін мына өрескел қимылдан туған ду күлкі құтқарып алды. Әйтсе де, Тұрғаттың әлгі қимылында тек ізеттілік қана емес, ар жағында басқа да бір жасырын сыр жатқанын жүрегі сезе қойды. Сезе қойды
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421