қалада сұлу қыздың алдынан талай-талай қиындықтар туарын, оның бәрін жалғыз ақылмен жеңіп шығу оңайға түспесін тағы аңғарып, көңіліне күні бұрын уайым ұялады. * * * Екі күннен соң Қаратай елге қайтты. Бұлар оны аэропортқа шығарып салды. Самолет ұшуға бір сағаттай уақыт қалғанда бір топ жігіттерді билет тіркеуге, Мәлике мен Бағиланы газет-журнал алуға жіберіп, Қаратай Сәргелді оңаша алып шықты. Мәлике екеуіңіз Бағилаға бас-көз болыңыз, – деді әкелік көңілмен. – Менің неге мегзеп келе жатқанымды түсініп келе жатқан шығарсыз? Әлбетте, әлбетте, – деді Сәргел бірден ойлы қалыпқа көшіп. Бағила балаларымның ішіндегі ақылдысы. Бірақ, ақылының ішінде өз дегені молдау. Сіз сияқты тәжірибелі педагогтардың қақпайы артық та болмас еді. Өз қызыңыздай көріп тәрбиелеңіз. –Айтарың бар ма? Алыс адамдар емеспіз ғой, неге өз қызымдай көрмейін. –Рахмет, Сәке, басқа айтарым жоқ. Өз жағдайыңыз қалай? –Жаман емес, жүріп жатырмыз, – Ол тамағын қырнап, иығын көтеріп қойды. Оның бұл қимылынан Қаратай немере ағасы әлденені айтудың ретін таппай келе жатқанын байқады. –Айта беріңіз, менен несіне қысыласыз, – деді ол өзімсінген қоңыр үнмен. –Биылғы қыста… докторлығымды қорғауым керек еді… –Жазып біттіңіз бе? –Біттім. Машинкаға бастырып та қойдым. –О, құттықтаймын! –Әлі ертерек. Ертерек болатын тағы бір себебі, – деді Сәргел Қаратайдың назарын келесі айтылар ойларға аудармақ боп дауысын көтере, – менің осындағы кейбір әріптестерім көп кесірін тигізетін түрі бар. –Неге? –Сол, менің доктор болуымды қаламайды. Басты себеп – осы. Бірақ бұл ойларын жүзеге асырудың жолдарын мен сияқты емес, жақсы меңгеріп алған. Жауапты кісілерге телефон соғады, сыртыңнан біреулерге жамандайды, «ғалым емес» деген сияқты пасық пікірлер таратып, газет- журналдарға мақала жаза қалса фамилияңды даттаған тізімге, қоса салады. Қайсыбірін айтасың, кісінің кісіге жасайтын қиянаттарының түрі мен формасы таусыла ма? Үстімнен арыз жазғандары да бар. Ауызға алуға ұялатын фактілер. «Бұрынғы әйелін өзі өлтірді» деп те көрсетіпті. Ол өлгенде менің хал үстінде жүргенім өзіңе аян ғой. «Жас әйелге үйленді» деп те жамаңдайды. Менің ішкі шаруамда нелері бар? Ал жетпістегі кемпірге үйленсем қайтер еді, кемпірге үйленді деп арыз жазбақ па? Және бұл фактілердің ғылымға, менің докторлық диссертацияма қандай қатысы бар? Сәргел әр сөзін нықтап, Қаратайдың ойында күдікке саңылау қалдырмай асықпай айтып шықты. –Ғылым адамдарының арасында бақталастық болып тұратынын естігем, – деді Қаратай езу тартып. Екеуі аэровокзалдың маңдай алдындағы алаңның аяғына жетіп, кері қайтты. –Болып тұратын! – деді Сәргел мырс етіп. – Нағыз бақталастық біздің ауылда, бауырым. Сырттай күлімсіреп, іштей атарға оғы болмай жүреді. –Өзіңіз не әрекет жасап жатырсыз? –Менде не әрекет болады?.. Құдай жалғыз, мен жалғыз… Қаратай үнсіз қалды. Немере ағасының бүкіл өмір
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421