мұрт бастығы Қаратайдың коридорға қайта шығып кеткенін пайдаланып, жігіт құлағына әлдене деп сыбыр ете түсті. Жігіт селт еткен жоқ. Айтқан сөзінің оған зәредей әсер етпеуінен вокзал бастығының өзі шошынайын деді. Ол әлгі үйренген құлағына қайта иіліп кеп тағы бірдеңелерді айтты. Жігіт орнынан тұрды. Газеттері мен заттарын жинастырды. Сөйтті де анталап тұрғандарға түгел бір қарап шығып: «Сіздерге жаным ашыған соң ғана көндім»,– деді де, вокзал бастығының соңынан ерді. Қаратай ішке кірді. Жүзінде жеңістің, үстемдіктің салтанатының нышаны да жоқ, осылай болуы керек. Қайта реніш байқалатын сияқты, осылай болмағанына. Бейтаныс жігіт шығып бара жатқанда, Бағила оның жүзіне көз тоқтатып қарады. Чемоданын қолына алғанша одан құтылуға асығып отырған қыз, енді ол шығуға ыңғайланған сәтте ішкі жанашыр сезіммен көз тоқтатып еді, оның тұлғасы мен бет пішініндегі алғашқы тәкәппарлық пен ешкімге бас имес паңдылықты тағы тауып, таңдану мен аяушылықтың жұмбақ ортасында қала берді. Поезд орнынан қозғалды. Бағила сонда ғана аңғарды, шығарып салуға келген адамдар тым көп екен. Бұл олардың көпшілігін жай ғана шырамытады, кейбіреулерін тіпті де білмейді, көрген де адамдары емес сияқты. –Папа, шаршадыңыз ба?– деді Бағила әлден соң еңсені басқан ауыр үнсіздікке төзе алмай. Әкесі «Жоқ, уайымдамай-ақ қой»,– дегендей қызына күле қарап, басын шайқады. «Бұл кісі де әлгі жігіт жайлы ойлап отырды ма екен?– деді Бағила іштей. –Мүмкін емес. Ол қалып бара жатқан қыруар жұмысын уайымдап келе жатқан шығар. Екі аптадан кейін конференцияда баяндама жасауы керек». «Несі бар,–деді іштегі қарама-қарсы ой тағы бір шеттен бас көтеріп. –Бұ кісі де адам ғой және өз ісіне есеп беріп үйренген адам. Бейтаныс жігіт жайлы ойласа, оның несі өрескел? Оның үстіне ол жеңілді ғой. Оңай жеңілді. Басын имей жеңілді. Өзі емес өзгелерді аяп жеңілді. Бұл сөзді әрине, папам да есітті. Бәлкім, сирек кездесетін, әсіресе, әкемнің алдында көлденең тұрар мұндай мінездің тіпті осыған дейін болмауы да мүмкін ғой, ендеше, ол туралы аз ғана сәтке неге ойланбасқа?» Проводник кеп Қаратайдың төсегін жаңалады. Бұл орында бейтаныс жігіт жатқан. Проводник жастықтың тысын ауыстырған кезде оның астынан бір парақ қағаз шықты. Бір беті толық жазылыпты. Проводник оны стол үстіне қойды да, «негізгі жұмыс бұл емес, жастықтың тысын ауыстыру» дегенді аңғартқандай қимылын жеделдете түсті. Ол қағазға Қаратай да мән берген жоқ. Қызық-ау өзі, жек көру мен ынтығудың арасы бір-ақ адым екенін Бағила болмысымен ұғынбаса да, осы сәттен бастап өзінің бар ынтызары жартылай жазылған әлгі қағазға ауғанын сезді. Көкейіне шешілмес жұмбақ тастап кеткен адам ақ қағазға не жазды екен, онымен не туралы сөйлесті екен? Ондағы жазулар міндетті түрде өзі осы кезге шейін тыңдап, есітіп, оқып келген
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421