Қ А Р Ғ Ы Н

«Құдай жалғыз, мен жалғыз?» – деп алақан жайған шарасыздығына сенейін десе, оның да тектен-тек қарап жүрмейтінін, осыдан үш-төрт жыл бұрын біреулердің үстінен арыз жазып, онысының фактілері расталмай, орнынан айрылып қала жаздаған. Солай еді ғой деп бұл айта алмады. Тіпті, әлгі сөздерінің тең жарымы өтірік болған күнде де олардың арасындағы туыстық қатыс Қаратайды қолдан келгенше көмек беруді, оның тірлігіне араласуды лажсыз мойынға жүктегендей еді. – Сонда, менің тарапымнан қандай көмек бола алады? – деді ол мәселенің басын ашып алмақ боп. –Мен қайдан білейін, – деді Сәргел әңгіме практикалық бағытқа тез көшкеніне іші жылып. – Партиялық ұйымдардың қолы ұзын ғой. Қаратай оның бетіне қарап, сыпайы күлімсіреді. «Осы кісі қу адам деймін, – деді көзін қайта төмен түсіргенде іштей. – Мені сынап келе жатқан жоқ па? Сөзіне қарасаң ештеңе білмейтін жан сияқты, көзіне үңілсең білмейтін нәрсесі жоқтай көрінеді. Мұндай мінезді қайдан тапқан? Адам өзгереді деген рас-ay шамасы». Олар тағы кері бұрылып, қатарларын жазбай ілгері жүрді. –Өзім болсам кетіп бара жатырмын, – деді Қаратай Сәргелдің жауапты ұзақ күтіп қалғанын сезіп. – Бұл шаруаны кеше айтқаныңыз жөн болатын еді. Және бұл мәселемен кімге бару керек екенін де білмеймін ғой. Академияда қорғайсыз ба, университетте ме? –Университетте. –Кіммен сөйлесу керек екен? Сәргел үшін де, Қаратай үшін де азапты минуттар басталды. Кіммен сөйлесу керек екенін Сәргел жақсы біліп келе жатты және бұл жайлы Қаратайды да жақсы біледі деп сеніп, оның балаң сұрақ қойып келе жатқанына ызаланды. Ал Қаратай болса Сәргелдің дәл қазір өзі жайлы не ойлап келе жатқанын, салған жерден екеуінің де ойына орала кеткен кісінің атын ауызға ала қоймағаны үшін немере ағасының өзін жазғырып келе жатқанын сезді. Өзімен институтта бірге оқыған жолдасы осыдан жеті-сегіз ай бұрын Министрлікке қызметке барған. Сәргелдің де, Қаратайдың да ойында тұрған адам осы. Бірақ, Қаратай жолдасының алдына мұндай келеңсіз мәселемен барудың ретін таппай, іштей қиналып келе жатқан-ды. –Жарайды, Сәке, – деді ол әлден соң білдірмей ауыр дем алып.Сөйлесермін. –Кіммен?.. –Жолдастар бар ғой. Ол екеуміз мұндай мәселемен сөйлесіп көрмеген едік. Ыңғайсыз болса да амал жоқ. Келесі айда республикалық партактив болады. Сонда арнайы кіріп айтармын. Сәргел иығынан ауыр жүк түскендей Қаратайға сездірместен терең күрсінді. «Жолдастар бар ғой», – дегенде немере інісінің кімді айтып тұрғанын, оның кімге арнайы кіріп шығатынын бес саусақтай білді. Оның кеудесіне ерекше бір көңілділік құйылып, дүние құлпырып сала берді. Сол құлпырған дүниеде бұл аяғын нық басып, жолындағы кедергілерді оп-оңай жапырып жүре беретіндей сезінді. –Сәке, – деді сәлден соң Қаратай. – Сәргел жалт қарады. Оның жүзіндегі кенет үйіріле қалған

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421