бар ынтасымен құлақ түрді. – Бағилаға арнаған бөлме екі ұлыңыздың бөлмесі екен.Келесі келгенімде екі ұлыңызды және аналарының портретін сол бөлмеден көретін болайын. Мұның мәнін таратып айтып жатудың қажеті жоқ, түсінерсіз деп ойлаймын. Мәликеге де айтып кетем. Мына сөз Сәргелді толқытып кетті. Әзіл-қалжыңмен ірілі-уақты әңгімемен, сапырылысқан гу-гу күлкімен жүріп-ақ немере інісінің үй ішіндегі олқылықты байқағанына, ойының беріде емес, әріде жатқанына іштей риза болды. Олар алаңның аяғына жетіп, кері бұрылғанда радиодан самолетке отырғызу жайлы хабарлаған диктордың даусы естілді. * * * Қабылдау емтихандары аяқталды. Бағила тарих факультетінің студенті болды. Неге екені белгісіз, ол өз фамилиясын студенттер тізімінен оқығанда бұрын ойлағандай соншалықты қуанған жоқ. Керісінше, тізім ілінген қағаз түбінде ебіл-дебіл боп жылап тұрған қызды көріп, жүрегіне көңілсіз бір мұң ұялады. –Үш жыл… Құдай-ай, үш жыл!…–деді қыз жылап тұрып. –Ауылға қалай барамын?! Жоқ, бармаймын, өлсем де бармаймын!.. Ол екі жыл қатарынан келіп, екеуінде де бір балы жетпей түсе алмапты. Биыл жарты балы жетпеген. Бағила университетке өзі түскенін, немесе әкесінің немере ағасы түсіргенін де білмейді, әйтеуір емтихандарды жақсы тапсырып шықты. «Бәлкім, мен осы қыздың алдын ораған шығармын, – деді ол өзіне-өзі. – Мен келмесем оның студент болуы да ғажап емес қой». Ол тәмпіш мұрын қара қыздың алақайлап қуанғанын көрді. Тарихтан ауызша емтихан кезінде ол құлап қалған. Келесі жолы, шет тілден емтихан тапсыруға келгенде оның да отырғанын көріп Бағила өз көзіне өзі сенбеді. Бүгін студент боп, қуанышы қойнына сыймай барады. Ол осы сәтте анау тәмпіш қараны мейлінше жек көріп кетті. Жүрегіне мұз басқандай ішкі дүниесі қалшылдап, ілгері қозғалды. Кішкене қара сумкасынан екі тиын алып, телефон–автоматтың будкасына кірді. Сүйрік саусақтарымен асықпай алты цифрді терді. –Ало! Лике, мен ғой, Бағиламын. Мәлике өзін осылай атағанды жақсы көретін. Бұл оның соңғы кезде ойлап тапқан аты. «Мәликенің «мә» деген буынын алып тастасаң «Лике» болады да шығады. Әрі қысқа, әрі оңай және бұл ат «жеңеше» немесе «тәте» деген өзіне ұнамсыз атаулардан құтқаратын табылған әдіс. Ар жақтан Мәликенің үрейлі даусы сампылдай естілді. –Не болды, жақсылық па? –Түстім. –Түуһ! Зәремді алдың ғой! Бір қырсық болып қалған екен деп… Неге көңілсізсің? Студент болған адам қуанбай ма екен? –Қуанып тұрмын ғой.., –Қуанғаның осы ма? Ой, елігім менің! Қазір маған кел. Оған шейін мен Сэрге телефон соғайын. –Кімге? –Сэрге. Сэр дегенім ғой, Сәргелді айтам. –А–а! Жарайды. Ол будкадан шығып, такси аялдамасына шейін жаяу жүрді. Бағила Мәликенің кісі атын ыңғайлап өзгертудің үлкен шебері екенін аңғарды. Өзімен бірге жұмыс істейтін құрбыларының бәрін бұл басқаша атайды және олардың бәрі ренжімейді, керісінше, оған қуанатын сияқты. Кезек бір
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421