балмұздақ әкеліңізші. –Құп болады. Аласа бойлы жігіт ізетпен иіліп, тез-тез басып жөнелді. –Жігіттердің даяшы болғанын жек көрем, – деді Мәлике шампан ашуға кірісіп. –Батыс елдерінде әйелдердің даяшы болғанын жек көреді. –Өтірік! Бәрі ойдан шығарылған нәрсе, – деді Мәлике күйеуіне ғана емес, осы идеяны қолдаушылардың бәріне қол сілтеп. – Табиғаттың өзі әйел мен еркекке о баста атқарар қызметін бөліп берген. Кейін бәрін шатастырып алдық та, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айыра алмай қалдық. Шампан жылылау болуы керек, басындағы сымы босасымен тығынын зор тегеурінмен жоғары итере бастады. Мәлике тығынды жантайтып, газын шығаруға үлгіре алмай қалды да, ол тарс ете түсіп, әйелімен айтысқысы келмей терезеге қарап бейғам есінеп отырған Сәргелдің бетін ақ көбік жуып кетті. Ол судан шыққан мысықтай пысқырынды да қалды. – Сэр, кешір, мен байқамай қалдым, – деді Мәлике көзін әлі аша алмай отырған күйеуіне жаны ашығандық білдіріп. Сәргел бүгінгі жоғары мәдениеттілігінен тайған жоқ. Мәликенің орнынан тұрып барып сүрте бастаған орамалын өз қолына алды да, көзінің алды мен мойнын құрғатып жатып: –Осыдан кейін еркек даяшыны қалай жақсы көрмессің, – деді. Бұл – Сәргелдің көптен бері тауып айтқан сөзі еді. Және сәтсіз ашылған шампаннан соң бүгінгі кешті бүлінген кешке санап тұрған Мәликеге ол айрықша әсер етті. Өмірінде алғаш рет күйеуіне шындап жүрегі жылыды. Ол еркелей басып орнына кеп жайғасты. Шампанның жартысы стол үстіндегі ақ жапқышқа ағып, жайыла сіңіп кетіпті. Мәлике қалған шампанды қолына алып көтеріп тұрды да: –Сэр, сіз ішесіз бе, әлде жаңа тойып алдыңыз ба? – деді. –Ішпесем де болар еді, бірақ құй, – деді ол бокалын ілгері жылжытып. – Қызың оқуға түскенде Мәлике бізді шампанға шомылдырды десек Қаратай қалай түсінер екен? –Идея! – Мәлике шампанды екі бокалға тең бөліп құйды да, Бағилаға өз бокалынан екі-үш тамызды. – Бүгін оған телефон соғып, қызықты айтайық! Кәне, Бағиланың студент болған тойын бастайық. Қадамың құтты болсын, бақытқа жет! Екеуі ыдыстарын орталап барып столға қойды. Бағила бокалды ырым үшін ерніне тигізді де, қайта төмен түсірді. Даяшы шоколад пен балмұздақ әкелді. –Ал, сүйікті асыңа кірісе бер, – деді Мәлике қызға күлімсірей қарап. Бағила кішкене қасықпен балмұздақтың шетінен кертіп алып аузына салды. Сол кезде есік жақта столда отырған төрт-бес жігіттің біреуі өзінен көз алмай қарап отырғанын көрді. Шашы иығына тиген, ат жақты, ашаң жігіт. Индеецтерден аумайды. Ол балмұздақты орталай бергенде есік жаққа тағы көз тастады. Жігіт иегін алақанына тіреп, әлі телміріп отыр екен. –Лике, маған ана бір жігіт тесіле қарап отыр, – деді сыбырлап. –Қайсы? –Есік жақта. Шашы ұзын. –Саған жігіттердің тесіле қарауы
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421