сұрағандай, Алатаудың алыс шыңдарына қарады. Енді сөйлесе екеуінің біржола ұрысып тынарын, сөйтіп бүгінгі қуанышты кешті өздері бұзатынын және бұл хабардың Қаратайға да жетіп қалуы мүмкін екенін ойлап, ол ақырын бір күрсініп шанышқыны қолына алды. «Неткен аңдысып қалған адамдар, – деді іштей Бағила, – бүйтіп қалай өмір сүруге болады және алда әлі талай жылдар бар емес пе? Егер әр сөзге осылай ұстаса беретін болса… Мұның несі өмір, несі қызық! Мәлике әйелдер жайлы неге айтты, ол қандай әйелдер? Оған Сәргелдің қатысы қанша және ең бастысы ол неге ашудан жарылып кете жаздады?» Бағила бұл сұрақтардың бірде- біріне жауап таба алмады. Ол өз анасын еске алды. Момын, қанша ашуланса да қатты сөзі жоқ, балалары мен күйеуінің қас-қабағына қарап, солардың денсаулығы мен жақсы тұрмысына өмірін бағыштаған, дүниеде жамандық бар деп ойламайтын дарқан адам. Ол да институт бітірген, мына өмірдің толып жатқан қызығы мен қайшылығын ол да жақсы біледі, адамдардың бір-біріне жасайтын қиянаты оны да, өздерінің шаңырағын да айналып өткен жоқ. Күйініштері де, сүйініштері де болды. Бірақ, ол бәріне төзе білетін еді, күте білетін еді. Алғашқы кезде – бұл онда не екінші, не үшінші класта болатын – әкесі бас агроном болып жүргенде совхозда екі жыл құрғақшылық боп, жоспар орындалмаған соң оны қызметтен алып тастаған. Ол кісі кінә өзінде емес екенін, мұндай жағдай жалғыз бұл совхозда емес, барлық аудан, қала берді облыс басына түскен ауыртпалық екенін, қолында бар мүмкіндікті аяп қалмағанын айтып ешкімге түсіндіре алмады. Үйге келген сайын құрдас боп, араласып жүретін аудандағы кейбір жауапты кісілер де барлық қырсық тек Қаратайдан келіп отырмағанын, бір агрономды алып тастағанда аспаннан жаңбыр жаумайтынын айтып араға түсе алмады. Тіпті, совхозға келгенде олар үйге де кірмей кетті. Бұл – Қаратайдың шаруашылыққа араласқан кезде алдынан шыққан алғашқы соққы еді және адамдардың қилы–қилы мінезі мен қасиеттері боларын аңғартқан алғашқы сабақ еді. Кешегі дос деп жүрген адамдарының ара түспек былай тұрсын, бүгін танымайтын кісідей бұған қарамауы, үйіне келмей кетуі оның қабырғасын сөгіп кеткендей болды. Ол қатты қынжылды, бұл арадан көшіп кетіп, Сырдың жағасына барып жалғыз үй отырсам ба екен деп те ойлады. Әйелі Ғайникамал ғана тоқтау салып, кездескен қиыншылықты ер-азаматтай көтере білу керектігін айтты. «Екі қолға бір жұмыс, бас агроном болмасаң жай агроном боларсың, тіпті, жұмысшы болсаң да қазір өлетін күн жоқ», – деп оның күйінішін басты, ашуын сабасына түсірді. Бұ жерде аһ ұрып босқа жата бергенше документтеріңді туралап алып, облыстың бірінші басшысына кір деп ақыл айтты. Қаратай ары–бері толғанып кеп, Ғайникамалдың ақылына тоқталды. «Шынында, бұлар түсінбеген нәрсені сол кісі түсінер,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421