Қ А Р Ғ Ы Н

Мұнда жатып әділдік іздегеннен не табам?» Ол солай етті. Мұның әңгімесінен адалдықты, іскерлікті аңғарды ма, басшы ұзақ үндемей отырып: «Көрерміз. Қосымша хабарлармын», – деген. Арада бір ай өткен соң Қаратай бұрынғы жұмысына қайта бекітілді. Ауа райы да, көңіл-күйі де жақсарғандықтан шығар, совхоз сол жылы жоспарын бір жарым есе артық орындады. Бұл – Қаратайды қанаттандырып, өзінің қабілетіне, қайратына деген сенімін қатайтып кетті. Келесі жылы да өнім жақсы болды. Облыстық партактивте бірінші хатшы Қаратайдың іскерлігін, қабілетін мақтады. Келесі жылы көктемде ол совхоз директорлығына жоғарылатылды. Үш жылдан соң аудандық партия комитетінің екінші секретары, онан соң бірінші секретары боп тағайындалды. Ғайникамал осы оқиғалардың бәрінде де бір қалыптан, бір мінезден тайған жоқ. Жасымады да, тасымады да, күйеуінің күйініштен артық айтқан, абайламай айтқан сөздеріне де ашу шақырмайтын. «Пәлі, бұл сен айтатын сөз бе еді», – дейтін әбден тыңдап болған соң. Қаратайға тоқтау салып, ақылға келтіретін, ойландыратын да Ғайникамалдың осы байыптылығы, естілігі еді. Және бұл байыптылық пен естіліктің ар жағында шаңырақ пен күйеуге деген әйтеуір бас иді, қара құлшылық емес, жарға деген нәзік бір жылылық, жанашырлық аңғарылушы еді. Қаратай да оны түсінетін, бертін келе әйеліне ешқашан дауыс көтермейтін, көңіліне тиер артық сөз айтпайтын болды. «Бәлкім, махаббат деген осы шығар», – дейтін Бағила өскен соң өзіне-өзі. Сәргел мен Мәлике тамақтарын жартылай жеп, ортаға ысырып қойыпты. Бағила шампанның ашылғанын да, екеуінің бір-бір бокалдан ішіп тастағанын да аңғармай қапты. Соған қарағанда екеуі де өз бетінше құйып, өз бетінше ішкен болулары керек. Олардың томсарып үнсіз отырғанынан Бағила өзін қолайсыз сезіне бастады. Анда-санда ауызбен айтылғаны болмаса мұның студент болған қуанышы да сезілмейтін сияқты. Қайта, осы оқиға ерлі-зайыпты адамдарды тау басына алып шығып, екеуінің ұрсысуына себепкер болғандай көрінді. Оның үстіне, әлгі бір бөгде сый, екі бүктелген қағаз оны қорлап, туыстарының алдында ұятқа қалдырып кетті. Бәлкім, Сәргел мұның бәрін өзінше жорып, бұған, өзінің әйеліне басқаша қарап отырған шығар. Ол да мүмкін. Олай ойлау Сәргел сияқты адамдарға, тек соларға ғана тән. Бағила кенет өзін жалғыз қалғандай сезінді. Мына тау, анау гүрілдеп жатқан өзен, прожектор сәулесімен ап-анық көрініп тұрған комплекс, шулы қала мен оның сапырылысқан адамдары, алда тұрған белгісіз, бейтаныс студенттік өмір, мына ресторан, бей-берекет музыка, қала берді сазарып отырған Сәргел мен Мәлике, бәрі-бәрі де өзінен алыстап, суып бара жатқандай болды. Бұл жерде ішкі сырын ақтаратын, қандай сәтсіздікке ұшыраса да көңілге медеу тұтатын, ақ сеніммен арқа сүйейтін адам жоқтың қасындай. Сонау алыста өз туған үйінде, туған топырағында бұл ешқашан мұндай жалғыздық сезінген емес, азды–көпті өз басына, өз ортасына лайық жайсыздық көрсе де

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421