күресетін, айтысатын, дәлелдейтін. Жатсыну, өгейсу, жалғызсырау деген атымен жоқ еді. Тіпті, бір баланың бұған жазған «сүйспеншілік хаты» (хат солай аталған) үйге келгенде інісінің қолына түсіп, ол кешкілік семья мүшелері толық дастарқан басына жиналған сәтте сампылдап тұрып оқып бергенде де жанын өгейсу, жалғыздық билеген жоқ. Еңіреп жылаған, ол хатты кім салғанын да білмейтіндігін айтқан. Өзі күткендей әкесі бұған ұрысқан жоқ, қайта, бесінші кластағы баласына зекіді. Ол да бір бұрышқа барып жылаған. Үйдегі осындай шудан соң ертесіне Бағила класты аяғынан тік тұрғызған-ды. Ақыры «ғашық жігіт» табылды. Сабақ үстінде собық жеп, жүгерімен қыздарды атып отыратын, алдына жан салмайтын жалқау бала бар еді, сол боп шықты. Хатында ол Бағиланы алып қашамын деп, нақты уәде беріпті. «Адырға түсіп, атпен қашсам әкең машинамен қуып жете алмайды», – депті. Баланың әке-шешесі шақырылды. Малшы адамдар екен, жиналыс өтіп жатқанда келді. Балаларына тағылған кінәні үнсіз тыңдап болған әкесі екі көзі шатынап (аудан басшысының қызын алып қашамын деп хат жазған дегенді естіп), баласына үрейлене қарады. – О, есектің миын жеген доңыз! – деді қонышынан қамшысын суырып. – Тұрған жеріңде жоныңнан таспа тіліп, кереге бау жасайын ба! О, миғұла, енді кеп!.. Ол баласына тап берді. Жұрт ду күлді. Жиналыстың берекесі қашты. Бәрібір протокол жасалып, бір данасы баланың әке-шешесіне берілді. Ол кезде жылап еді, енді сол оқиға есіне түскенде Бағила өзінен-өзі ұялып, болар-болмас езу тартты. Іштей күлімсіреп отырып ол өзінің бұдан екі жыл бұрын тіпті бала екенін, сол екі жылдың арасында да едәуір есейгенін, мектептегі он жыл өмір зулап өте шығып, оның бұдан былай осылайша естелік қана болып ойға оралып отырарын ерекше бір қимастықпен түйсінді. Осы түйсіну үстінде көңіліне әлдеқайдан кеп шым-шымдап ене бастаған жалғыздық мұңы бұрынғысынан да күшейе түскендей болды. Көз алдына студенттер тізімінің түбінде ебіл-дебіл жылап тұрған қыз елестеді. «Ауылға қайтып бармақпын! Бармаймын! Ешқашан да!» – деген сөзі ап-анық естілді. Студент болғанына қуанып, секіре жөнелген тәмпіш мұрын қара қыз да, әні, сумкасын бұлғақтатып жүгіріп барады. Ол бұрын бұрынғы емтиханда құлап қалғанын тіпті де ойлайтын емес. Сонан соң көз алдына кенет, осыдан бір жарым ай бұрынғы поезд елестеді. Ойда жоқта, табан астыңда поезд еске түсуі мұң екен, бейтаныс жігіттің бұлыңғыр тұлғасы көрінді. Бағила оның түрін де анық елестете алмады, тек салқын жанарын, салқын жүзін ғана ұмытпапты. Сол бейне елестеген тұста өз жүрегінің қайта лүп ете түскенін сезді. Көңіліне там-тұмдап ене бастаған белгісіз мұң мен жалғыздық сезімі күн шыққан шақтағы тұмандай ыдырап сала берген тәрізді. «Шынымен бе, – деді ол өзіне-өзі, – мен шынымен сол бейнені ұмыта алмай
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421