– Ол бұл сұраққа да жауап таба алмады және көңіл түбін ақтарып жауап іздегісі де келмеді, іздей қалса өзі-өзінен айтылар бөлекше батыл жауапқа тап болармын деп қорықты. Осы сезімдердің құрсауында отырып ол жан-жағына қарағанын да аңғармай қалды, неге қарағанын да білмеді. Осы бір жарым ай бойы ол бейтаныс жігіт жайлы ойласа, әлденеге сабыры мен шыдамы қашатынын, өз бойынан өзіне жат бөтен бір қимыл пайда болатынын, бұған шындап таңырқаса да жан түбінде өзінен де жасырынып оған деген ерекше бір ықылас сақталып қалғанын соңғы кезде анық сезіне бастады. «Ми клеткалары кей кезде өз бетінше, автономиялы түрде жұмыс істей береді». Өз сөзі, өз тұжырымы. Оның рас екеніне ол тағы таңғалды. Дәл бүгін, осы отырыста ол жігіт жайлы ойламаған да, олай етуге мүмкіндігі де болмаған. Бірақ, санасының алыс бір нүктесі ол жайлы ылғи да бір күтпеген жаңа, тосын тұжырымдар дайындап қоятын секілді. Тап қазір ол бір жарым ай бойы бейтаныс бейнені іштей іздеп келгенін, сапырылысқан адамдардың арасынан оған кездесе кетуді тілегенін мойындады. Сәргел мен Мәлике өз ойларымен әлек. Мұны тіпті бала санайды, сырт көзден баладай қорғайды. Несі бар, бұл да жаман емес. Бірақ, мұның осы сәтте не ойлап отырғанын олар білсе ғой… Жарты сағаттан соң олар даяшымен есеп айрысып шығуға беттеді. Мәлике есік жақта өздерінен әлі назар адастырмай отырған жігіт столының жанына жақындағанда, Бағиланы сол жағына, сұғанақ көзден таса жаққа алып өте берді. Сәргел кез келген күтпеген жағдайға дайын екенін танытып, олардың соңынан батыл да нық қадаммен қаздаңдап жүріп отырды. Жігіт бұлар жақындаған кезде алдынан шығып, көлденендеп тұра қалды. –Кешіріңіз, – деді ол әуелі Мәликеге, сонан соң Бағилаға қарап. –Жігіт, жолды босатыңызшы, өтінем, – деді Мәлике мұндай көргенсіздікке төзе алмай ызаға булығып. –Кешіріңіз, мен сіздерге сый жіберіп, ағаттық жасаған шығармын. –Азамат, милиция шақырсын демесеңіз, орныңызға отырыңыз, – деді олардың жанына жеткен Сәргел. – Бұл неткен ұятсыздық! –Мен… Сіздерден кешірім өтініп тұрмын гой. –Көрінген адамның кешірім сұрағанын кешіре алмаймын, – деді Сәргел шыға беріс есіктің маңдайшасынан көз алмай. – Сонда да… кешірдік. Енді жолдан былай тұрыңыз! – Менің ешқандай жаман ниетім жоқ, – деді жігіт ойындағысын айтып қалуға асығып, тез-тез сөйлеп. Ол әйел адамның жұмсақтығынан үміт күткендей Мәликеге қарады. – Ұятты жеңіп алдарыңыздан көлденең шықпасам, сіздерді басқаша қалай аялдатпақпын. Менен қорықпаңыз, ағаңыз бола ма, әкеңіз бола ма, мына кісінің шошынғанындай мен көше бұзығы емеспін. Суретшімін. Манағы жіберген қағазымды дүниеде осындай сұлу қыздың (ол Бағила жаққа қарады) – бар екеніне риза боп, ғайыптан-тайып мұнда келе қалғандарыңыз үшін сіздерге рахмет айтып едім. Менің
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 100 101 102 103 104 105 106 107 108 109 110 111 112 113 114 115 116 117 118 119 120 121 122 123 124 125 126 127 128 129 130 131 132 133 134 135 136 137 138 139 140 141 142 143 144 145 146 147 148 149 150 151 152 153 154 155 156 157 158 159 160 161 162 163 164 165 166 167 168 169 170 171 172 173 174 175 176 177 178 179 180 181 182 183 184 185 186 187 188 189 190 191 192 193 194 195 196 197 198 199 200 201 202 203 204 205 206 207 208 209 210 211 212 213 214 215 216 217 218 219 220 221 222 223 224 225 226 227 228 229 230 231 232 233 234 235 236 237 238 239 240 241 242 243 244 245 246 247 248 249 250 251 252 253 254 255 256 257 258 259 260 261 262 263 264 265 266 267 268 269 270 271 272 273 274 275 276 277 278 279 280 281 282 283 284 285 286 287 288 289 290 291 292 293 294 295 296 297 298 299 300 301 302 303 304 305 306 307 308 309 310 311 312 313 314 315 316 317 318 319 320 321 322 323 324 325 326 327 328 329 330 331 332 333 334 335 336 337 338 339 340 341 342 343 344 345 346 347 348 349 350 351 352 353 354 355 356 357 358 359 360 361 362 363 364 365 366 367 368 369 370 371 372 373 374 375 376 377 378 379 380 381 382 383 384 385 386 387 388 389 390 391 392 393 394 395 396 397 398 399 400 401 402 403 404 405 406 407 408 409 410 411 412 413 414 415 416 417 418 419 420 421