ПЕРІ МЕН ПЕРІШТЕ

Focus Mode

бермеді екен деп, құдай сақтасын, саған ренжімеймін. — Әйтсе де, мен саған бір ұсыныс жасағалы келіп ем. Қызың бар, сонан соң… көп ұзамай босанасың, осындай заманда оларды әкесіз өсіруге бола ма, жетім деген жақсы емес. Әрі… өзің де өң бермегенсің. Ерсіз тұруға болмайды ғой. …Сонымен, ақырында ол маған не айтты десеңші. Ол менің әлгі кісіге, өңім түгілі, түсімде көруге жиренетін адамға тұрмысқа шығуымды тіледі! Не деген арсыздық, не деген хайуандық! Мейлі, ол тіпті жер бетінде теңдесі жоқ әрі келбетті, әрі ақылды еркек бола-ақ қойсын, сонда да оның, Смағұлдың басына осындай барып тұрған жиренішті ой қалай келді десеңші! Маған жаны ашып көлгірсіп отырғандағы түрі осы ма, оның бір кезде өзі сүйген, сүймесе де көңілдесі болған әйелге көрсетер қамқорлығы мен жақсылығының сиқы осы ма, құдай-ау, осы ма?! Есіме түскен сайын егіліп, ызаға булығып өліп кете жаздаймын. Жыламай қайтерсің енді! «Адамбыз, адамбыз!» — деп жүргенде жеткен жеріміз осы ма? Сорлы басым-ай, бақыт іздеп нем бар еді, одан да Құлахметті сүюім керек еді ғой менің. Ол періште екен ғой, адам екен ғой ол. Міне, ең арысы өз күйеуімнің де қасиетін енді ұғынып отырмын. Бәрін де кеш ұғатын әдетіміз ғой. Смағұлдан әлгіндей сөзді естігенде жынданып кете жаздадым. «Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ», өн бойымнан жан кетіп, кереуетіме сылқ түсіп отыра кеттім. …Көзімді ашсам олар кетіп қалыпты. Есімді жиып, өзіме-өзім келген соң, оңаша үйде көкірек шерімді жас қып ағызып, ебіл-дебіл боп еңіреп бір жыладым-ау! Айтпаспын деп едім, мұны да айтып салдым. Мейлі, әйтеуір біреу менің өмірімді егжей-тегжейлі білуі керек қой. Қош бол, жақыным, бауырым менің!». Осыдан бастап Сафурадан үзбей хат алып тұрдым. Ол Нәзікеттің оқып жүргенін, өзінің денсаулығы онша мәз емес екенін жазады. Ара-арасында: «Осы сен қашан үйленесің, бойдақ шал атанғалы жүрмісің» деп әзілдейді. Құлахмет ағайдан хат болмады. Тек ағасынан: «Үй неге өтпей жатыр. Сату жағын тездетіңіз. Құлахмет екеуміз машинаға кезекке тұрып қойдық» деген қысқа ғана хабар алдым. Онда да ол Құлахмет ағайдың денсаулығы, хал-жағдайы жайлы ләм демепті. Арада екі ай өтіп, көктем де шықты. Жалғыздығымды, икемсіздігімді енді сездім. Есік алдындағы бау-бақша дегеннің машақаты тым-ақ көп екен. Одан қала берсе екі көзі жәудіреп, мейірімділікті пәтерші иесінен ғана күтіп есік алдында байлаулы төбет жатыр. Сатып алушы да табыла қоймады, бәрі қымбатсынып, иығын бір қозғайды да, еркек болса әйеліммен, әйел болса күйеуіммен ақылдайсайын деп кетіп, сол кеткеннен мол кетеді. Бір күні заводта жиналыс болып, үйге қас қарая оралдым. Сыртқы қақпаны ашып жатып терезедегі жарықты көрдім. Үйде біреу бар ма, әлде ұмытып, өшірмей кеттім бе екен? Мен тез-тез

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53