лайық қызықшылығы және бар екен-ау! Құдіретіңе болайын қайран бес күн жалған-ай, десеңші! Анасы жайлы ойлағанда артта қалған өмірінің сонау бір түкпірінен осы бір шуақты сәттер алыстағы жұлдыздай сәуле шашса, одан кейінгі бір сәт сәуленің бәрін өшіріп, кеудесіне өксік пен қасірет құйып өтеді. Ақпанның үскірік атқан боранды шағы. Ірі қарадан жылқы болмаса қалғандары қолға қарап тұр. Доскейдің үлкен ұлы Үкітай жылқышыларды шетінен боқтап, қырып кетердей боп жүр. Кеше он бір бие аязда қалып, арам өліпті, жиырма шақтысы үшті-күйді жоқ, не қар астында қалғаны, не ұрының айдауында кеткені белгісіз. Қаңқу сөзге қарағанда, бір топ жылқыны Шерәлінің жылқышылары айдап кетті деген сыбыс бар. — Иттің ғана балалары, жылқы бақпай ай бағып жүрсіңдер ме? Табыңдар ертеңге дейін, таппасаңдар жерге тірідей көмемін! — деп ызалы айғайға басты. Былай шыққан соң қасындағы Өмекейге: —Бұл Шерәліге қашанғы жем боламыз, құдай-ау! Кеудемізде намыс бар еркекпіз бе, езбіз бе? Бүйтіп тірі жүргеннен қара жерге кіріп кеткеннің өзі жақсы ғой, — деп күйінді. — Қашанғы басынады, қашанғы басындыра береміз. Ойбай-ау, бірдеңе десеңдерші, жалғыз мен бе осы бас қамдарыңды ойлап отқа түсе беретін? —Мен не дейін. Досекеңмен ақылдасу керек қой. —Біз ақылдасқанша ол бәрімізді қу кедей ғып бітер. Малымызды барымталайды, үндемейміз, бауырымызды өлтіреді, үндемейміз, ертең қаңғыртып жібереді, тағы үнсіз кете бермекпіз бе? Ер құнын өтемей әне бір аманат баласын тастап тағы қорлап отыр. Ішіме намыс сыймай барады. Өңшең бөрік киген қатындар! Ана аманатын ат құйрығына байлап, есігінің алдына сүйреп апарып тастаймын. Өш алудың, кек қайтарудың бастамасы осы болсын, ермесеңдер жалғыз барамын, жалғыз! —Бейшара баланы бүйтіп қорлағаннан не түседі? —Ішімдегі ащы ызаның көбігі төгіледі. Ол иттің күшігі қайда жүр? Ей, Аманат! Үстіне иленбеген ақ теріден қаудырлақ келте тон киген жұдырықтай бала тай қорадан жүгіріп шықты. —Аға, апам келді ме? —Келер сенің апаң! Әуелі өзің бері кел. Бала жасқана басып, Үкітайдың қасына жақындады. Қолында өзінен биік сабы бар ағаш күрек. Бір жылдан асар-аспас уақыттың ішінде көңілі жасып, зеку мен боқтауға мойынсұнған. Қаудыр тонының етегіне жабысқан садыраны нәзік саусағымен тазалап, мырзасынан әмір күтіп, үнсіз төмен қарап тұр. — Қалай, ауылыңа барасың ба? Баланың қуаныштан екі көзі от шашып, жүзі жайнап шыға келді. — Барамын! Барамын, аға, барамын!.. —Ей, сақау! — деді Үкітай қора тазалап жүрген бір атшыға. — Тез кел мұнда, арқан ала шық! —Үкітай, бұл шының ба сенің? —Қазір ойнайтын уақыт жоқ. —Обалын қайтесің? —Обалын жанашырлары ойламағанда мен қайтейін. —»Сақау» деп шақырған кісі арқан алып жетіп келді. —Байла мынаның қолын! —Түсінбедім, миза?.. —Байла деймін, тас керең! —Кімді… кімді дейшіз? —Ой миғұла сақау, баланың
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35