да бар көрінеді-ау! Бейшара-ай!.. Үкітай қайда кетті екен? Шынымен Шерәлі ауылына ма? Бұ бала аман қайтса жақсы, мертігіп қайтса қайтіп шыдарсың, тірі жанбыз ғой… Шерәлі екеуміздің арамызда дау жүр еді, енді кеп сойыл араласпақ па? Ол қашан бітпек, кімді кім жеңбек? О, Алла! Әлде баламның айтып жүргені жөн бе екен? «Не ел боламыз, не жер боламыз» деп отырып алсам, мынау шуылдап жүрген жұрт мені жалғыз тастамайтын еді ғой. Әке-шешемнің сүйегі жатқан ата мекеннен безіп, ол аз болғандай қыс ішінде үдере көшіп… Әсте, қартайған шығармын осы…» — Не болды, байеке-ау? От басында отырғаның қалай? — деген бәйбішесінің үні оның ойын бөліп жіберді. Ол жаймен басын көтеріп, жартысы жанып біткен сексеуілдерді жоғары ысырды да, орнынан тұрды. Үкітайдың жайын бәйбіше білмейді. Бір жақты болғанша оған естіртпеңдер деген өзі. Ортаншы ұлы құдыққа түсіп қайтыс болғаннан бері уайымшыл боп біткен. Балалары көз алдында жүрмесе көмейінен ас өтіп, кірпігі айқаспайды. — Жай ғой, — деді Доскей баяу үнмен. — Мал жайын байқап келейінші. Сүт пісірімдей уақыт ішінде Өмекей бастаған он шақты жігіт атқа қонып, Шерәлі ауылына суыт жүріп кетті. «Өмекей, — деген Доскей оның тізгінін ұстап тұрып; — Есің бар ғой, жігіттерді күшке жіберме. Онымен ештеңе өнбейді. Көшпей тұрғанда бір сәрі, енді керегі жоқ. Үкітайды қуып жетіңдер. Ашуынан қайтсын. Көнбесе, байлап алып келіңдер. Қалғанын өзім сөйлесем. Ал, жолдарың болсын!» Топты Өмекей бастағанмен жол бастаушы Салық сақау. Құдай қырсығына алып қақтығыса кетер сын сәт туса оның қайрат көрсетіп, жағадан ұстасары шамалы, бірақ боранды далада одан асар жер танығыш ешкім жоқ, алдың күні Қабантауға жұрт үдере көтерілгенде де көштің алдын осы бастаған. —Бастарыңды бұға бермей, тың тыңдай жүріңдер, — деп қояды Өмекей жол бастаушының соңынан үнсіз желіп келе жатқан жігіттермен қапталдасып. — Кім біледі, адасып кетті ме?.. —Мыйза-екем бұл жейден адаспайды, — деді Салық алаңдамай тез жүре берейік дегенді аңғартып. —Ескі жұртқа соғайық. Жолымызда ғой. Бой жылытып алмасақ болмас, — деді Өмекей. Кеше кешке шыққан он жігіт сар желдіріп отырып ескі жұртқа таң атқан мезгілде әрең жетті. Қарсыдан соққан қарлы боран ат үстіндегі жоқшылардың аяқ-қолын қарыстырып, әбден титықтатып кетіпті. Қас-қабаққа мұз қатып, ауыздағы түкірікке дейін мұздаған. Ескі жұрт көзге оттай ыстық басылды. Үйреніскен қора-қопсының орнын көріп, иісін сезген жылқылар оқыранысып сала берді. Жігіттер аттан түсіп, ескі тамға кіргенде Салық жылқышы табалдырықты тәуетіп: «Жайықтық, — деп кемсеңдей жөнелді. — Мыйзакемнің отау үйі еді ғой. Талай иет төйіне де шығып ем. Әлі өзгеймепті жайықтық». Ол ішкі үйге аяқ салды да сол бойы жансыз адамдай қалшиып тұрып-тұрып, «Өм-еке!» деп шыңғыра айқайлап,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35