СҮЙЕКШІ

ел қатарлы мен де қатын алып, түтін түтетем?» деген сұрақ жапан далада жалғыз айлап-жылдап жүрсе де санасына бірде-бір рет келген емес. Ол жағы ойына кіріп те шықпайды. Оған енді бәрібір. Дүние төңкерілсін, жер-әлемді топан су қаптаса қаптай берсін, тек алдындағы бір үйір жылқы көзден таса болмаса, мал жайлаудан түскенде күні-түні қазатын қырық құлаш құдығы орнында тұрса болғаны. Марқұм әкесі сияқты төгілген терінің ақысын да сұрамайды, қатын алып, нәресте сүйіп, молдаға бала оқытамын деп әуреленбейді де. Тек… иә, тек мырза-екем оның кей уақта Қабантауға барып, анасы мен інісінің моласын бір көріп қайтатынын білмесе, басқа не уайым бар? …Кеңкелес отыз бір жасында Үкітай ауылынан кетті. Е-е, ол есінен шықпайды ғой, қалай шықсын! Аласапыран көктемнің кезі еді. Кеңкелес жылқы бағып жүріп ат үстінде қалғып кетіпті. Кенет әлдекім: «Әй, Тұңғыш, Тұңғыш!» деп айқайлағандай болды. Ол басын көтеріп алып жан-жағына қарады. Тірі жан жоқ. Қайта көз жұмды. «Ойбай-ау, сен маған қарамайсың ғой. Танымай тұрмысың!» деген дауыс тағы естілді. Анасының үні ғой! Қайдан естіліп тұр?! Ол ұйқысын ашып, ерге жөнделіп отырды. Әдеттегідей құлағы шуға толып, басы айналды. «Барайын, барайын. Шақырып тұр ғой». Ол ештеңеге алаңдаған жоқ, жылқы лағып кетер деп ойламады да, атқа қамшыны басып-басып жіберіп, көш жердегі Қабантауға қарай шаба жөнелді… Қайтып келгенде жылқының бірін де таба алмады. Қас қарайып, көз байланғанда ауылға келді. Тура Үкітайдың есігінің алдына кеп аттан түсті. Ошақ басында жүрген қатын-қалаштар шу етіп үйге тығылды. —Сұмдық-ай, көзі қызарып, беті түтігіп кетіпті! —Құс келетін кезде жындылық қозады деуші еді… Кеңкелес оларды өкшелеп кеп, босағаның сыртына тоқтады. —Мырза-екемді шақырыңдар, — деді гүр етіп. Осы кезде іштен Үкітайдың өзі де шықты. —Ей, сен қайдан жүрсің, жылқы қайда нәлеті! —Қорада. Анау, шеткі қорада. Қамап қойдым. Бәрі түгел. —Не деп тұр-ай, мына кеңкелес! Жылқыны қораға қамағаны несі? —Сенбесеңіз көріңіз. Бәрі түгел. — Ол Үкітайға қарап ыржия күлді. Үкітайдың көзі аларып, бір-екі адым кейін шегінді де, шеткі қораға қарай жүгіре жөнелді. Артынша жер беттеніп қайтып келді. —Жігіттер, ау, жігіттер! Ұстаңдар, байлаңдар мына жындыны? —Мырза, мырза, сенбейсіз бе? Жылқының бәрі түгел еді ғой. Жаңа ғана айдап кіргізгенмін. Бәрі түгел! —Ойбай, ойбай ғана кеңкелес-ай! Бір үйір… бір үйір жылқы жоқ! Қайда, қайда құрттың бәрін, айт жаныңның барында! —Сойып жедім. Түгел, бәрін, бірін қалдырмай. — Кеңкелестің түсі бұзылып оған жақындай берді. Ашудан жарылып кетердей боп тартып жібергелі қамшысын көтере берген Үкітай оның кісі жерлік мына түрінен шошып, кейін ығыса берді. Осы кезде жігіттер де жетіп кеп, Кеңкелесті әп-сәттің ішінде байлап тастады. …Жылқыны Шерәлі ауылының жігіттері барымталап кетіпті. Ол үш күн

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35