бойы байлаулы жатты. Суға салынған қыл шылбыр әбден кеуіп, сүйек-сүйекті сындырып барады. Осы кезге шейін нәр татқан жоқ, есіктен бір адам бас сұғып қарамады. Есі жиылып қапты. Алдың күні не істеп, не қойғанын біле алмады. Бар білетіні — жылқылардың жоғалғаны ғана. «Байланғаны несі? Ұрмай ма? Сындырып бара жатқанын қарашы. Оһ-о-о! Ұрған жақсы ғой. Тамақ берсін, сонан соң ұрсын, қанша ұрса да ұра берсін. Байлағаны несі… Оһ-о-о! Ұрғаны жақсы еді-ау!» Осы кезде іргенің киізі түріліп, ішке бозамық жарық түсті. –Әй, әй, Кеңкелес, — деді әлдекім сыбырлап. — Қайның ашты ма? Ол дауыс шыққан жаққа мойнын бұрды. Сақау жылқышы екен. –Иә, — деді Тұңғыш. –Мен саған ет әкелдім. Сүйегі жоқ. Бі түииін қалдыймай же. Әйтпесе, миза мені өлтиеді. Мақұл ма? —Мақұл. Ол керегенің көзінен екі кесек піскен етгі тастай салды да, ізім-қайым жоқ болды. Тұңғыш аунап жүріп әзер жетті. Етті жеп бола бергенде сықырлап есік ашылды да әлде кім лып беріп ішке кірді. —Тұңғыш, қайдасың? — деді келген адам сыбырлап. —Мұндамын. Өзің кімсің? —Өмекеймін ғой. —Жылқы табылды ма? —Оны қайтпексің, жазған. Табылғаны құрысын, ертең сені Үкітай ат құйрығына байламақшы. —Ат… ат құйрығына!.. Кеңкелестің көзі қарауытып кетті. Өзге білмесе де ат құйрығына байлап сүйреткеннің азабын ол жақсы біледі. Дүниеде адамға көрсетілер барлық-барлық жаза атаулының ішінде дәл осылай жан қинаудан өткен сұмдықтың жоқ екеніне бұл байғұстың былтырғы қыс көзі жеткен. Үйірден он төрт бие бөлініп кетіп, өлігі табылғанда асау қара төбелдің құйрығына байланып, күн батқаннан ел ас-су ішіп болғанша аппақ қардың тозаңын бұрқыратып, тәңірдің тағы бір тәлкегіне айналмады ма. Онда шыбын жанды тек қар сақтап қалды ғой. Үйтіп қалған жаның да құрысын. Екі жеті бойы өлі мен тірінің арасында есеңгіреп жатты. Қазір ғой жер қара. Сүт пісірім сүйретілсе бір жапырақ бейшараның құдай-ау, несі қалмақ! Онсыз да мұрнының ұшына кеп тіреліп тұрған жаны ауылды бір айналғаннан-ақ шығып жүре береді ғой. Кеңкелестің денесі дірілдеп, көзі жасаурап кетті. «Ат құйрығына байланасың» деген сөз мірдің оғынан да қатты тиіп, күні бойғы денесін сығып өлтіріп бара жатқан кепкен қыл шылбырдың азабы жай әшейін ойыншық боп қалды. —Енді.., енді не істейміз, көкетай-ау?! —Өшір үніңді, жазған! Айқайлама, біреу-міреу естіп қойып жүрер. Қимылдамай жата тұр солай. Өмекей қонышынан пышақты суырып алып, қыл шылбырды бырт-бырт кесіп жіберді. —Ал, кідірме. Қаш! —Қаш?! Қайда? —Басың ауған жаққа. —Көкетай-ау, мырза-екем… мырза-екем өлтіреді ғой мені. —Сорың құрғыр, қашып өлдің не, осында жатып өлдің не, бәрібір. Енді бөгелме. Ал, құдай жолыңды оңғарсын. Бол, тез! Кеңкелес өң мен түстің арасындағы адамдай мең-зең боп үнсіз тұрды да, кенет басын көтеріп,
Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35