СҮЙЕКШІ

әлі келе жатыр. Қанша жаным сірі болса да осы жолы біткен шығармын, тым болмаса қара жерден көр тышқанның ініндей бір қуыс бұйырмады-ау деп үмітсіз халде жатқанында бір өлтіріп, бір тірілтіп тәлкекке салған тағдыр «өлім оңай, ғұмыр азап, көресіңнің көбі әлі алда» дегендей, тағы бір құтқарушысын сап еткізді. Ертесіне сәскеде мола қазып жүрген бір ноғай сүйекші, оны мазар шетінен тауып алды. Сүйекшінің үйі шаһардың ең бергі шетінде екен. Үй деген аты болмаса бұғат-бұғаты аңғал-санғал, есік-терезесі жоқ, бұрыш-бұрышты өрмекшілер қаптаған, әйтеуір, іші қуыс баспана. Есік жанындағы мор ошақтың былтырғы күлі әлі шығарылмапты. Үйдегі бар дүние — бір киіз, бір алаша, бір көрпе, бір жастық. Жер ошақтағы қазан қақпағының үстінде жұмыртқаның уызымен жамалған сынық кесе, кәрі құман, ағаш қасық, ағаш табақ тұр. Тұңғыш бұған да шүкірлік етті, өлмей тірі қалу былай тұрсын, ол алғаш рет өз еркінше жатып-тұратын тұрақты лыпаға бас сұқты ғой. Сүйекші ендігі жылы табысы мол, басқа жерге кетеді, сонан соң бұл там Тұңғыштың өз үйі, өз өтені болады, өз өтені! Марқұм әке-шешесі мұның өз бетінше түтін түтетіп, аман-есен жер басып жүргенін білсе көрінде бір-бір аунайтын шығар. Жылда құрбан айт сайын бір мал сойып, құран оқытып тұрса әруақтары риза болар еді-ау! Сүйекшілікті де ол тез үйреніп кетті. Қашан мола қазып көрді дейсің, мұның да түрі мен сыры көп болады екен. Ноғай сүйекші бас-аяғы бір жарым айдың ішінде оны өзі секілді шебер молашы етіп шығарды. — Бұл жерге келгенге дейін орыстардың көрін қазғам, — деді ол екеуі кіндікке дейін қазылған шұңқырдың ішінде түскі тамақ жеп отырып. — Олардікі оп-оңай. Кісі бойы тереңдетесің де көме бересің. Олар ақшасын да қолма-қол береді. Ақша қолға нақтылы тиіп отырды бар ғой, түнделетіп те қаза бергің келеді. Ал, қазақтар… түу, ақша беру былай тұрсын ақыңды жейді. «Әруақты саудаға салу күпірлік» дейді. Кейбір құдайға қарағандары ғана қолыңа не ақша, не шапан ұстатады. Ал орыстар… несін айтасың, олардың жөні бөлек қой. Қазақтар секілді мола таңдап та жатпайды, қазған молаңды ала береді. Әттең, бір араны ашылған неменің кесірі тимегенде… Екеуміз бірдей істейміз, бірдей отырамыз, сүйтіп жүріп ақша бөлуге келгенде бәрін қымқырып қалады, ұрлығын біліп қойсаң беті бүлк етпей «көбісін қазған мен болатынмын» дейді. Тіпті, табыт байлаған су жаңа матаға дейін өзі алады. Бір күні шыдамадым, екеуміз төбелестік те қалдық. Бір-бірімізді сылқылдатып соғып жатырмыз, соғып жатармыз. «Иттің баласы, еліңде кісі өлмейтіндей-ақ мұнда қаңғып неге келдің. Осы көрге қазір тірі көмсем сені ешкім жоқтамайды» деп мені шұқырға итереді. Өзі тарамыс бәле екен, көзі шүңірейіп ештеңеден тайынатын түрі жоқ, тықсырып келеді. Бір кезде

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35