СҮЙЕКШІ

маған сәлем береді, «ата, құманда жылы су бар» деп иіліп тұрады. «Көсегең көгерсін, қарағым, өмірлі бол» деп ақ батамды айтамын. Еһ, дүние-ай!» Арқан дір ете қалды. «Бұ несі? Көмекші жігіт сусын алып келу үшін жаңа ғана кетіп еді ғой, құс боп кеткені ме шіркіннің!» Ол жоғары қарады. Үш жігіт төне түсіп, қарқылдап күліп тұр. Оның денесі дір ете қалды. —Ей, не керек сендерге? —Көр тышқандай ін қазып көрген күнің құрсын! —Ах-ха-ха! —Еһ-еһ-еһ… —Ей, шық бермен. Сусының бар ма? —Әйтпесе құдығыңнан су алып бер. —Бұл нағылған тәлкектерің, менде нелерің бар? —Өй, шықсаңшы өзің, мә, ұста арқаннан! Қомша арқаннан ұстауға сескеніп, тепкішекпен жоғары шықты. Бейтаныс жігіттер. Аттарының ер-тұрмандары мен киімдеріне қарағанда, еріккен бай балаларына ұқсайды. Үшеуі де бозаға мас боп апты, ауыздарынан уыт иісі аңқиды. —Иә, құдық қашан бітеді? —Амандық болса он шақты күнде бітіп қалар. —Немене, оған шейін біз қаталап өлеміз бе? —Құдай сақтасын, ескі құдық бар ғой. —Ал, бозаң бар ма? — Мырзалар-ау, менде боза қайдан болсын. Қазір серігім айран әкелер. — Айран? А-ха-ха-ха! Айран дейді! Үшеуі де қарқылдай күлді. —Сен көп сөзді қой, — деді маналы бері дес бермей тұрған сұлу мұрттысы, — біздің білмейтініміз жердің астында. Қатыныңның жас екені рас па? —Не деп тұрсыз, мырзалар? —Қатыныңның жас екені рас па деймін? Қомша не деп жауап қайырарын білмей үнсіз тұрып қалды. Сәлден соң: —Оны неге сұрадыңыздар? — Ах-ах-ах!.. Үшеуі жер жаңғыртып тағы күлді. Қомшаның ашуы келейін деді. —Мырзалар, мен сіздер секілді ерігіп жүрген жан емеспін, сіздер тойып секіріп жүрсіздер, мен тоңып секіріп жүрмін. Өздеріңіздей дәулет менде жоқ, қолымнан келері міне, мынау, құдық қазып жан бағамын. Тәлкек көтерер кісі мен емес. —Мәссаған! Тәлкек көтермейді! Енді кім көтереді, мен бе? Көр… көр тышқанның айтып тұрған сөзін қарай гөр. Жарайды, қойдық. Бар, ініңді қаза бер. Түссеңші енді! Өзім-ақ асықпай түсемін ғой, сіздер қайта беріңіздер. —Қорқып тұр. Біз саған түкте істемейміз, түсе бер. —Қомша әлденеден секем алып, төмен түсті. «Әлгі баласы түспегірдің де кете қалғанын қарасаңшы». Ол құдық түбіне жетіп, сүйменін қолына алды. «Олар неге кетпей тұр? Мені тәлкек еткеннен не қызық тапты екен?» —Ей, бері қара, — деген дауыс жоғарыдан саңқ ете қалды. Қомша басын көтерді. Сол сәтте үстіне шүмектеп жылымшы су құйылды. —О, әкеңнің!.. Қомша қолына сүйменін алып, тез-тез жоғары көтерілді. Ол шыққанда еріккен үшеудің ішек-сілесі қатып күліп тұр екен, шыққан бойы шалбар бауын байлап тұрған сұлу мұрттың жағасынан ала кетті. —Байдың баласы болмақ түгіл патшаның ұлы болсаң да жер қаптырайын, мазағыңа төзетін мен емес! —Өй-өй, мына көр тышқан атжалман боп

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35