ТІРШІЛІК

қолы артына байланды да, ендігі бір сәтте атқа өңгеріліп салақтап кете барды. Бұлар ауылдан ұзағанда ғана жалғыз қалған жеңгесінің аттан салып айқайлағаны еміс-еміс естілді. Бейтаныс жол-жөнекей бір тіл қатқан жоқ. Атқа қамшыны көміп отырып, бір сағаттық жолды артқа тастаған соң бұзылған бір тамның қасына кеп, сонда тұрған ер-тұрманы сай басқа атқа ауысып мінді де, өзен жиегіндегі құлама, биік жарқабаққа қарай тіке тартты. Қыжымкүл белгісіз бір үңгір ішіне кіргенде ғана ес жиды. Бейтаныс үстіндегі шапанын шешіп, қызды соған ұзынынан жатқызды да аузын, көзін байлаған шүберекті шешті. Үңгір іші қап-қараңғы екен, көзге түртсе көргісіз. Ол әрі-бері бұлқынып көріп еді, қолын байлаған қыл шылбыр білегін сындыра жаздады. — Әкем сені тауып алып, бәрібір өлтіреді, — деді қыз ызаланып. — Таба алмайды! — Бейтаныс гүж ете түсті. Сөзі мен дауысының дөрекілігінен Қыжымкүл оның бай балалары емес, солардың бірі жіберген малай екенін білді. — Шешінесің бе, әлде шешіндірейін бе? — Әуелі қолымды босат! — Қашып кетесің. — Оллаһи, қашпаймын. — Болмайд. Босатпаймын. Бейтаныс осыны айтты да қыздың көйлегін өткір пышақпен төске қарай тіле бастады. Қыз шошынып бар даусымен айқай салып тулап еді аюдай еркек баяғы кір сасыған дымқыл шүберекті аузына қайта тыға қойды да, қақ айырылған көйлектің екі өңірін екі жаққа серпіп жіберді. Қараңғы үңгірде бозарып қана көрінген қыздың ақ денесі торға түскен балықтай тынымсыз тулап жатыр. Аюдай еркек орнынан тұрып, асықпай-саспай өзі шешіне бастады. Шешініп болған соң бұлқынып жатқан қыздың үстіне қонжиып қона кетті… * * * Үңгір ішінде олар ертеңіне қас қарайғанша жатты. Жұрт аяғы басылды-ау дегенде бейтаныс қыздың көзін қайта таңып атқа өңгерді. Шаршамайтын сар желіске салып отырып, қызды ауыл шетіне әкеп тастады да, қалған жерде адаспассың деп өзі кейін қайтып кетті. Тегін кеткен жоқ, көзін таңған шүберекті шешіп жатып: «Әкеңе сәлем айт», — деп мұқатып кетті. «Ораза намаз тоқтықта» дегендей, басына бәле тумаған мамыражай шақта далаға шығудан жүрексініп шөптің басы оқыс сыбдыр етсе, үйге кеп суық су ұрттайтын үркек те нәзік қыз ауылдан төрт-бес шақырымдай меңіреу далада қорқыныш дегенді мүлдем ұмытып, бағыт-бағдарсыз бет алды қаңғи берді. «Ел бар-ау, жұрт бар-ау» деген ой түстегідей бұлдырап, санасының сонау бір түкпірінен ауық-ауық елес беріп өткенімен, ініне түтін салынып, өлімші халде құдай қағып аман шыққан бейшара түлкідей бұл да аяқтарын әзер қозғап, өлі мен тірінің арасында ілбіп келеді. Мысыққа — ойын, тышқанға — жан, әлгі аюдай жігіт мұны мақтадай ұйпалап, сақ-сақ күліп кете барды, әуелгіде өлтіре ме деп ойлап еді, өлтірмеді, бүйтіп тірі қалғаны да құрысын. Ой торына «өлім» деген сөз түсуі-ақ мұң екен қыздың

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61