ТІРШІЛІК

жүрісі кілт шапшаңдап, аяқ астындағы шөп шытыры жиілей түсті. Ғажайып бір құпия күш екі қолтығынан көтеріп, аспанда алып ұшып бара жатқан сияқты. «Өлу керек, өлу керек, өлу керек»… «Неге өлтіріп кетпеді? Неге өлтірмеді мені!.. Қап, қап өлтіріп кеткені жақсы еді ғой». Қыз кілт кейін бұрылып, жібек шапанының етегі желбіреп, баяғы жігіттің қарасы батқан жаққа қарай жүгіре жөнеледі. — Е-ей, Аю-ю! Аю-ууу! Тоқта, тоқта-а!.. Құдай үшін өлтіріп ке-е-ет! Өлтіре гөр-өр мені!.. Кенет басы айналып, көз алды қарауытып кетті де қыз шағыр үстіне етпеттей құлады. Ширек сағаттан соң қайтадан есін жиып, басын көтерді. «Дүние у-шу. Бұл неғылған шу? Мен қайда жатырмын? Үңгір қайда? Аю қайда?» — Мұндамын ғой, — деді әлдекім асықпай үн қатып. Дауысы баяғы жігіттің дауысынан айнымайды. Қыжымкүл селт етіп орнынан ұшып тұрды. Алақтап жан-жағына қарады. «Ей, қайдасың?» — Мұндамын ғой! Сен есін жисын деп бағанадан бері күтіп отырмын. Енді ғана байқады, жаңа өзі тұрып кеткен жерде күлімсіреп әлгі жігіт қорбиып отыр екен. Күлген сайын күрек тістері сояудай боп ағараңдап көрінеді. — Әкеңе сәлем айттың ба? — Жоқ… Мені тірі қалдырмашы, өлтіріп кетші осы арада. — Жо-жо, ол болмайды, — деді аю басын шайқап. — Әкеңе сәлем айту үшін сенің, сөз жоқ, тірі болуың керек. Әкеңе сәлем айтып кел, сонан соң өлтіруге уәде берейін. Бірақ менде пышақ жоқ, сенің көйлегіңді тілген пышақты сонда ұмытып кетіппін, оған ренжіме. Шылбырмен де өлтіруге болады ғой. Шылбырдың бір басын тұзақтап мойныңа салып тартып қалсаң жетіп жатыр, оп-оңай өлесің де кетесің. Нанбай тұрсың ғой-ә, сенбесең кел, көрсетейін. Жігіт орнынан тұрып, шылбыр тұзақты мойнына салғалы төніп келе жатыр. Оның тұлғасы мен қимылы өлімнің өзінен де қорқынышты боп көрінді. Қыз кейін шегіне берді. «Жоқ, бұлай емес, бұлай емес! Пышақпен, пышақпен, құдай үшін пышақпен!» деді ол жанұшыра айқайлап. Шағыр түбіріне сүрініп, шалқасынан құлады. Түн жарымы ауа есін жиды. Бағанағы азапқа түсірген шудың бірі де жоқ. Төңірек шайтанның жұртындай тып-тыныш. Жыртық-жыртық бұлттардың ойығынан ауық-ауық ай сығалап, қорғасын бұлттың ар жағына лып етіп қайта еніп кетеді. Күні бойы өзегін өртеген ыза мен қорлықтың жалыны бәсеңсіп, бойы салқындайын депті. Кеше түннен басталған сұмдық оқиғаның бәрі енді көз алдынан қайта өтіп, қайта өткен сайын жүрген әлдекім өтпес пышақпен қиқалап кесіп жатқандай, дүние қарауытып кетеді. Есі жиналғаннан кейінгі азап пен қорлық дәл кешегі оқиғаның өзінен мың есе ауыр, мың есе қорқынышты боп көрінді. Қыжымкүлдің есіне ел-жұрт, әке-шеше, аға-жеңге дегендер енді ғана оралды. Кешелі бергі жылағаны қазандағы арық еттің көбігіндей жеңіл екен, өткен оқиға мен бұдан былайғы ғұмырына ой жіберіп, дәрменсіз, шарасыз халде төккен

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61