ТІРШІЛІК

ту сыртынан ат дүбірі естілді. Елегізіп тұрған көңіл селт етіп, ол артына жалт қарады. Өріске сиыр айдап кеткен падашы екен. Өңі жылан қуғандай құп-қу, ентігіп әрең сөйлейді. — Бай-еке… тақсыр…. — Не болды, пәтшағар, айтсаңшы тезірек! — Ойбай. Қыжымкүл… — Қыжымкүл?! Қайда?! — Анда… Қарауыл төбенің басында… Жападан-жалғыз отыр. Сиырлар үркіп… мен осында шаптым. — Құдай-ау, не дейді мынау, не боп кеткен дүние. Жападан-жалғызы несі? — Білмедім, мырза… — Атты әкеліңдер, Тез! Дәулетбай мен падашы Қарауыл төбеге қарай шапқанда мына хабардың бір ұшын естіп қалған төрт-бес жігіт аттарына жайдақ мініп, соңдарынан тасырлатып жөнелді. * * * Қыжымкүлдің бәрі есінде. Тағдырдың көрсеткен азабы аз болғандай, әкесі бастап келген төрт-бес жігіт оны отырған жерінен жұлып алып, ауылға қарай көкпарша тарта жөнелген. Бұл байғұс кінәлі ме, кінәсіз бе, ол жағын еститін шетінен тас керең, шетінен дойыр. Мырзаларының төгілген абыройын нақ бір осы әрекетімен қайтармақ, оған деген шын көңілдері мен адал қызметші екендіктерін осындай дүлей мінезбен танытып қалмақ. …Ол есін жиғанда жоғарыдан салбырап тұрған жеңгесін көрді. Әуелгіде ештеңе ұғына алмай мең-зең боп біраз отырды, «әлгінде ғана далада жүр еді ғой, енді қайда жатыр? Жеңгесінің шаңыраққа асылып тұрғаны несі? Ол неге үндемейді? — Жеңеше… жеңеше деймін, неғып сөйлемейсің. Ол жеңгесінің аяғынан түртті. Асулы дене жаймен тербеле жөнелді. Терісі жоғары тартылғандықтан ба, қастары қиылып, күлімсіреп тұрған секілді. Ол орнынан тәлтіректеп әзер көтерілді. Көзіне үңгір елестеді. — Жеңе-ше-е!.. Ол жеңгесінің белінен құшақтай кеткенде екі адамның салмағын көтере алмаған күлдіреуіш порт сынып, бірі өлі, бірі тірі қос дене үй ортасына сылқ етіп құлап түсті. — Есін жиды, есін жиды! — деген сырттағы дауыстар құлағына талмаусырап әрең-әрең естілді. * * * Қыз жеңгесінің өліміне қайғырған бір пенде болған жоқ. Ертесіне сәскеде екі-үш сүйекші ауылдан екі-үш шақырымдай келетін төбе басындағы қорымнан бір кісі әзер сыятын лақытсыз көр қазды да, бас-аяғы жиырма шақты адам түс әлетінде шаңын бұрқыратып көмді де тастады. Өлік шығарғанда дауыс салатын мұсылман шариғаты бұзылып, бірде-бір адамның жылауына рұқсат етілмеді. Марқұмның бір ұл, бір қызы бар екен, ұлының есі кіріп қапты, шешесіне жұрт жапа-тармағай топырақ тастап жатқанда «апашы, апа» деп шырқырап қоя берді. Мырзаның заты адам ғой, тағдырынан тек азап пен тәлкек көріп, жаны қиналған сәттерінде бұл пенде құдайға да тілін тигізіп алмаушы ма еді, етекте бөлек отыратын кедей ауылынан келген бір пұшық әйел шырқырап тұрған баланы көргенде өзін-өзі ұстай алмай, «о, қу құдай, о, қу құдай» деп еңіреп жіберді. Көз жастары күректегі топыраққа тамып, іштей тынып жүрген өзге де әйелдер бар екен, «дауыс салуға болмайды» деген қатал

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61