ТІРШІЛІК

дейсің бе? Жетеді дүние, жетеді. Ден сау болсын, мына жаман немелер аман болсын. Өңгесінің бәрі рет-ретімен бола жатады. — Алмасаңыз ренжимін, жеңеше. — Ал дегеніңді қоймасаң мен де өкпелеймін, қарағым. Біздің мына сыңайымызды көріп аяп тұрған шығарсың. Біз оған үйренгенбіз. Бас иеміз кеткелі бері үйрендік қой, білегіңді жетім қалдырып, қайтесің. Бірде аш, бірде тоқ бір тіршілік өте береді. Әлі-ақ қарақтарым ер жетіп шыға келер, бесеуінің ортасында-а ырғала басып мен жүрсем, көрген азабым, шеккен бейнетім бәрі өтірік боп шыға келмей ме? «Күні кеше ішерге тамақ таппай отырған Қымқа» деп мені кім айтар екен сонда. Әй, Оспан, жаңағы Қоспан қайда, шақыршы бермен. Келідегі жүгері жібіп кететін болды, ертерек түйсін. Оспан әй, әй Оспан, қайда жүр-е-й бұлар, ә! — Апа, мен мұндамын ғой. Баласы арт жағында отыр екен. — Өй, сен мұнда ма едің. О, құлдығым, бар ағаңды шақырып келе қойшы. Мен қойлы ауылдан піскен айран алып келейін, кешке көжеге қатамыз. — Ол орнынан тұрып, іргедегі шелекті алды да, ішіндегі суын қазанға сарқып, шығуға беттеді. — Қоспанға айт, шашпай-төкпей түйсін. Жамиға екеуің даладағы ошаққа от жаға беріңдер. Ол шығып кетті. – Ақшаңның да, алтыныңның да қажеті жоқ. Қыжымкүл білезігін қолына ұстаған бойы тұрып қалды. Қамқорлық жасамақ боп «білезігімді алыңыз» деп айтқан сөзі атаған кісісіне дарымақ түгілі маңайлай да алмай өзіне ыңғайсыз боп қайта оралып, өне бойын шымырлатып әкетті. * * * Шынында, уақыт деген ұста екен, Қыжымкүлдің кеудесіндегі меңдуананың түтініндей қою да ащы қасірет бірте-бірте сейіліп санасындағы ұмыт болатын нәрселер ұмытылып, ұмыт болуға тиісті емес жайлар ғана сараланып қала берді. Жыртық көңілін үй ішінің күйбең тірлігімен жамап таң атырып, күн батыруды ғана мақсат еткен бұл тіршіліктен ол зерігіп, бір жағынан жесір қатынның болмашы табысына ортақсып жата беруге жаны төзбеген ол, «кетемін» деген сөзді қанша айтса да Қымқа көнбей қойды. Тәңір айдап, тұз тартып келген бөгде жердің алғашқы қары түсті. Енді ол көктем шыққанша кетем деген ойын ұмыта тұрады. Бәлкім, қар кетіп жер жаңарам дегенше ол да бұларға әбден бауыр басып, қабақ шытпақ түгілі «кет» деп тигізіп айтсаң да айырыла қоймайтын шаққа жетер. Елінен кеткен төрт айдың ішінде ол адам танымастай өзгеріп, жүдеп-ақ кетті. Қараған адам көзін тойдыра алмайтын бір кездегі аққудай сыланған сұлу қызға бұл ауылдағы бозбалалардың сұқтана бермейтіні де содан болса керек. Қыстың екі тоғызы өткенде жасы он жетіге енді толған қыздың алдынан бұрын өзі естіп-білмеген мүлде түсініксіз, жантүршігерлік жаңа қасіреттің басы иек астынан қылт ете қалды. «Көрген азабым мен қайғы-шер дегеннің алды да, арты да осы шығар, қу құдай өзімді алмаса

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61