ТІРШІЛІК

кедей болсын, бәрінің аузына біреу түкіріп қойғандай осы сарыннан жаңылмайды. Қыз жеңгесін сыйлау ретінде, кетерде Қымқаның еркіне қоймай көйлектік ақша тастап кетеді. Қымқа шындап ойлана бастады. «Япыр-ау, бір бақытсыздыққа ұшырадым деп Қыжымкүл өстіп, отыра бере ме? Ерте ме, кеш пе өз алдына түтін түтетіп, тұрмыс дәмін татуы керек қой. Басы жас, жиырмаға да жеткен жоқ. Қарап отырып санамен сарғайып, қайғымен қартайғанда не түседі. Күйеуге бала құшақтап баруды қорлық көрсе маған-ақ тастап кете берсін, қай кезде алып кетем десе еркі өзінде. Жаздан бері ел бүліне бастады. Күн қалай боп кетеді? Соңғы кезде құлақ естіп көрмеген «салдат» деген бәле шықты. Сол «салдатқа» бармаймыз деп талайлар тау-тасты кезіп, қашып жүр дейді. Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырады деген бар, тұзы жеңіл байғұс солардың қолына түсіп қалса қайтпек?» Қымқа осы ойын Қыжымкүлге айтпақ боп талай оқталды, айта алмады. Айтса өз үйінен қуғандай, ертерек құтылғысы келгендей көрінетін болды. Көсенің сақалындай әр жерде шошайып-шошайып отырған шағын ауылдың жігіттері сиреп қалды. Аптасына болмаса да айына бір рет ауылдың күллі адамы төбе басына жиналып, у-шу, азан-қазан боп жігіттерді солдатқа шығарып салды. Әсіресе азаматын аттандырған үйдің коштасқан дауыстары сай-сүйекті сырқыратады. Балаларын алып бара жатқан арбаның соңынан ұбап-шұбап сонау қыл белге шейін шығарып сап, көздері қанды жасқа толып қайтатындар да солар. Қораға мал қамалып, күннің саңы сөнген шақта Қымқаның үйіне жадау киімді бейтаныс бір жігіт «кеш жарық» деп кіріп келді. Үй ішіндегілер жапырлап тамақ ішіп жатқан. Күнде кеп жүретін көп жігіттің бірі шығар деп «ешкіңіз арық» дегелі басын көтере берген Қымқа «еш…» деді де «көтек» деп селт ете түсті. — Шошымаңыз, жеңгей. Осы ауылға келе жатқан жолаушы едім. Қайыпберген деген кісінің үйін білесіздер ме? Осы маңда деп еді, таба алмай жүргенім! Тау кезген қашқынның бірі екен деп шошып кеткен Қымқа бейтаныс жігіттің аузынан өзінің қоңсысының атын естігенде қорқынышы лезде қуанышпен алмасып, «Ойбай-ау, кәдімгі өзіміздің Сайыпберген қайнаға, ма?» — деді. — Иә. — Биыл баласын солдатқа алып кеткен? — Ол жағын білмедім. — Е-е, көптен хабарласпаған ағайыны болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жекжатысыз ба? — Жиенімін. — Жиенімін. Ойбай-ау, бізге де алыс болмадың ғой. Ошақтыға тиген әкемнің інісінің қызы бар деуші еді, сол сіз боп шықтыңыз-ау. Е, е, құда екенсіз ғой. Менің де бір сіңлім ошақтыға тұрмысқа шыққан. — Қымқа орнынан көтеріле берді де, әлдене есіне түсіп, ерніндегі күлкісін тыя қойды. — Кешір, айналайын, — деді даусын бәсеңдетіп. — Қу тіршілік адамда ес қалдыра ма, ойымнан шығып кетіпті. — Ол отыра қалып әлдене деп күбірлеп бетін сипады да қайтып тұрды. — Нағашыңыз армандап

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61