ТІРШІЛІК

жүруші еді, қарындасым мен күйеу баламның иманы үйірусіз кетті деп. Құдай иманын саламат қылсын, өзіңе өмір берсін. — Рахмет, жеңгей. — «Жалғыз жиенім көрінгеннің қолында қалды, барайын десем жер шалғай» деп көкірегі қарс айрылып жүр еді, қазір барып сүйінші сұрап, жүрегін жарайын о кісінің. Ойбай-ау, дастарқаннан дәм ауызтисеңші. Қыжымкүл, дастарқанды бері жақындат. Өзіне қарай ысырылған дастарқаннан жігіт еңкейіп барып нанның жүзімдей бөлшегін үзіп алды да, аузына салды. — Қане, ертерек барайық. Ауызғы үйдегі шелекті салдыр-гүлдір еткізіп екеуі үйден шығып кетті. Сүйінші сұрауға кеткен Қымқа содан ел жата бір-ақ оралды. Келген бетте пыр-пыр ұйықтап жатқан балалардың бәрін жұлқылап оятып, бармаймын дегеніне қарамастан Қыжымкүлді де киіндіріп балалардың бірін жетектеп, бірін арқалап, жарты сағаттың ішінде қаздай тізіліп қайта шықты. Осы аралықтың ішінде мал сойылып, бас үйтіліп, жайшылықта айра-жайра боп жататын үй іші айттағыдай тап-тұйнақтай боп жиналып қапты. Жұрттың бәрі айттағыдай мәз-мейрам. Сақалынан су тамшылап, төрде Қайыпберген қария ғана жылап отыр. Жасы отыздан асқан жігітті қайта-қайта айнала береді. «Әкесінен айнымай қапты» деп бір жылайды, «ашаңдығы шешесіне тартыпты» деп екі жылайды, «қарындасым мен күйеу баламның он екі мүшесі қабірге түгел қойылмады-ау» деп тағы еңірейді. Шай алдында да, шайдан кейін де, тамақ алдымен, тамақ соңынан да, тіпті аузына қара су алса да кітап ашып құран оқиды. Жұпыны екі шаңырақтың кішігірім тойы бозторғай шырылдағанша созылды. Молдарәсіл нағашысының үйіне түпкілікті келіп еді, соны естігенде Қайыпберген де қуанып қалған. Бірақ ол қуаныштары көпке созылмады. Биылғы жылдың жазынан бері еркек аулаған болыстың шабармандары Қайыпбергеннің үйінде айға жуық жатып алған қонақ жігітке қадалып алды. «Опырау, қыдырып келген қонақты солдатқа алып кетуді қайдан шығарғансыңдар? Мұның да өз елі, өз жері, өздеріңдей шабарманы бар. Патшаның құрығы ұзын ғой, еліне қайтқан соң сендерсіз-ақ көрер» деген жауапқа көнер болмады. «Ақсақал, жоғары жақ қырық жігіт бересің деген, қырық түгілі отызға толтыра алмай жатырмыз». «Толмаса даладан ұстап алып толтыр деген кім бар?» «Қой, айналайын, келген қонағымды әскерге жібере алмаймын. Осы үйден бір адамды алдыңдар ғой, сол да жетер. Қос-қосымен жүрген жігіттерді де көріп жүрміз». Шабарман тосылып қалды. Өз туыстарынан бірде-бір адамның кетпегені рас. «Ақсақал — деді аз-кем мүдірістен соң, — сізге қонақ болса бізге де алыс емес шығар, ағайынбыз ғой, барып келе салсын да». «Жоқ, бармайды». Шабарман қаһарына мінейін деді. «Қонақ болса жамбасы шірігенше жата бермей ертерек еліне қайтсын. Жұрт әскерге адам таппай жүргенде бұл неге қыдырады. Келесі жұмаға шейін қайтпаса солдатқа айдатып жібереміз». Бір баласын әскерге берген Қайыпберген енді нағашым бар деп арқа тұтып келген жалғыз жиенін тағы да өз қолынан ана бір қарғыс атқан қу

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61