ТІРШІЛІК

арбаға мінгізіп, қайғысына қайғы қосқысы келмей, Молдарәсілді еліңе қайт деп азғыра бастады. «Жау сияғы жаман, елірген бәлелер алса алады да кетеді. «Мына сүрең басылып, ел іші тынышталған соң қайтып келерсің. Жалғыз сенен тірі айырылғым келмейді, көзге көп түсе бермей ертерек қайт» — деді. Молдарәсіл қабырғасы қайысып көп ойланды. Өз ауылынан кетуіне де дәл осы «солдат» деген бәле түрткі болып еді ғой. «Әке-шешемнің қара шаңырағын иесіз тастай алмаймын» дегеніне қарамай бәрібір әскерге алатын болған соң үйіне кеп қорғансыз жас баладай егіліп жылаған. Өзгеге ат мінгізгенде бұған көкнәр беріп қорлағаны бар, аманат жан аман болса «осы жаз аяғыңды іліндіреміз» деген уәделері тағы бар еді, талай жаз өтті, «келесі жазбен» әлі келеді, онысымен тұрмай құлақ естіп көз көрмеген «солдат» деген бәлесіне айдамақ. Бұл елдің мені арқамнан қағып тұрып, маңдайымнан шерткені-ау! Атасына нәлет, нағашы жұртыма кетемін!» Ол есігін сыртынан тіреп, жалпақ табалдырық үстінде ұзақ отырды. Ауыл бейғам ұйқыда. Жетімсіреп жылап отырған бұл ғана. Бір де бірі мұны еске алып жатқан жоқ, бір де бірі мұның жайын ойламайды да. Көз көрсе сәлемдесіп, көрінбесе «пәленше қайда осы» деп еске алмайтын сияқты. Ол еңкейіп кіретін есіктің аласа маңдайшасынан сүйді. Сонан соң өзі білетін құранын іштей күбірлеп дұға қылды да, әке-шешесінің әруағымен қоштасып жүріп кетті. Түн тастай қараңғы, аспан бұлт. Отыз шақты қадам ұзағанда артына қарап еді, жатаған там қараңғылыққа сіңіп кетіпті. Ертең мұны іздеп бүкіл ауыл шуылдайды. Молдарәсіл ауылдан неге кеткенін нағашысына айтпап еді. Енді өзі қашып шыққан ауылға қалай барады, жұрт көзіне қалай көрінеді? Патшаға адам бермейміз деп көп жерде топ құрылып жатыр деп еді, соған қосылса қайтеді. Жо-оқ, оның да реті келмейді. Қаңғыған Киеванды ол топ не қылсын? Енді қайда барады, қай жерді мекендейді? Есіктің алдынан естілген әрбір ат тұяғының дүрсілінен қорқып бұл үйде қашанғы жата береді? Жан аман болса ел іші ғой бір баспана табылар-ау, бірақ Молдарәсілдің жанына бататын ең басты бір-ақ қайғысы бар, ол — көрші үйдегі келіншек. Нағашысының үйінде алғаш көргенде-ақ көңілі кетіп еді. Осындағы бір айды нағашысынан гөрі Қымқаның үйінде көбірек өткізген. Қымқа да азамат әйел екен ғой, Қыжымкүлдің арына тимей, ренжітпей ақыры екеуіне тіл табыстырды. Талай түнді үшеуі әңгімемен өткізді. «Екеуіңнің де басың жас, сен былай, сен былай деп екеуіңді де бөлмеймін. Қыжымкүл болса туған қызымдай, әуелден соң туғанымнан да артық санаймын, өзің болсаң жақсы қоңсымның жиені екенсің, жаман мінезіңді көргенім жоқ. Жас адамның босағада қартайғаны жарамайды. Екеуіңнің көңілдерің жарасса мен ризамын», — деген. Қыжымкүл көп жылаған, жылап отырып мақұл деген. «Мақұл деген сөзді ол Қымқаның көңілін аттағысы келмегендіктен айтты

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61