ТІРШІЛІК

алақан жұптады. Болыс бетін сипағанда бұл да бетін қосыла сипап орнынан тұрды. — О, сорың құрғыр, қашқын боп жүре бермей қақпанға неге өзің кеп түсіп тұрсың? Барған жеріңнен де бархада таба алмағансың-ау, — деді болыс бұған мойын да бұрмастан кеңкілдей күліп. Сонан соң әйелдеріне қарады. — Әй, жау шымшықтай үрпиіп бір-біріңе қарап қалыпсыңдар. Киеванда кісіге шабар қайрат қалды деп қорқып жатырсыңдар ма? Тұрыңдар, жігіттерді шақырып келіңдер. Күйеуінің сөзі бойларына қуат берген екі әйел екі ажырап орындарынан батыл көтерілді. — Беймезгіл шақта айдаһар қуғандай сұп-сұр боп кіріп келген қашқынның ойында не бар екенін кім біледі, — деді бәйбіше ақталып. — О, Алла, өзің сақтай гөр, заман не боп барады. Күл сасыған кедей де, қаңғыған қашқын мен дуана да болыстың үйіне баса-көктеп кіріп келе беретін болды ғой. Әй, шақыр ана жігіттерді. Тоқал Киеванның қасынан имене басып өтіп бара жатыр еді, ол оның қолынан шап етіп ұстай алды. Әйел шыңғырып жіберіп, төрге қайта ыршыды. — Ойбай, мынау қыратын болды, қырады, ойбай! — деп бәйбіше де шошына айқайлады. Молдарәсіл кісілер жиналып қалар ма екен деп жан ұшырып бәйбішенің қасына жетіп барды. — Қорықпаңыз, бейбіше, — деді ол жалбарына сөйлеп. — Ойым бұзық болса намаздың бітуін күтер ме ем. Қашқын болғаным рас, бірақ қанышер болған жоқпын. Бір атадан қалған жалғыз тұяқ едім, сол жалғызға болыс-екемнің көзі түскен соң ағайын сағалап кеткенімді жасырмаймын. Құдай алдында да, сіздердің алдарыңызда да арым таза. Болыстың кекесінді күлкісі тағы естілді. — О, найсап, — деді ол ақ жайнамазды сандық үстіне қойып жатып. — Құдайды ауызға алуға дәтің қалай барады. Ақ патшаға қарсы келдің. Патша — құдайдың өкілі. Сен күнәкар болмай мен күнәкар боламын ба? — Бұл жарлық кімнің жарлығы екенінде жұмысым жоқ, мырза, — деді Молдарәсіл, — тым болмаса үйленіп, бала сүйсем, артымда тұяқ қалса қиналмай кете берер едім. Тіреліп тұрған ағайын-туысымның жоқ екенін өзіңіз жақсы білесіз. — Елдің өзге боздақтарынан жаның артық па еді, — деді бәйбіше сөзге араласып. — Жоқ, бәйбіше, байдан тер шыққанда кедейден жан шығады. Қашсам, тегім асыл, жаным артық деп қашқаным жоқ, араларыңызда отпен кіріп, күлмен шығып жүрген мендей адамға жандарыңыздың ашымағанына ызаланып едім, тәңірге налып едім. Бүгін келсем үйіме мал қамап тастапсыздар. Енді кеп елді жинап мені айдатпақ ойларыңыз бар. Бәйбіше, қорғансыз біреуді айдатып жіберу шабарманның да қолынан келеді, оған жақсылық істеп, қамқор болу екінің біріне тән нәрсе емес. Болыс-екеммен жұрт қалай санасса, сізбен де солай санасушы еді, затыңыз әйел болса да ер деуші еді. Бәйбішеге бұл сөз шеккі көрінбеді, ол қасын керіп, аппақ

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61