ТІРШІЛІК

саусақтарын сипалап мүдіріп қалды. Сөз таппағандықтан емес, айта түссе екен деп қасақана енжар кейіп танытып тұр. — Жасым отыздан асқанша өздеріңіздің қол балаларыңыз болып келдім. Іздей берсе қарға тамырлы қазаққа бір туыс табылады екен. Басыма күн туғанда пана іздеп, нағашы жұртымды тауып едім. Сол жерде біраз аялдап қалдым. «Қашқын» деген атты жамылып кетсем де, жат елде сұлтан болғанша өз елімде ұлтан болайын деп болыс-екемнің кәрінен қорықсам да тәуекел деп келіп тұрмын, әйтпесе жүрген жағымда жүре берсем мені кет деп мүйіздеген ешкім жоқ еді. Нағашы жұртым бір бөлек, өз жұртым бір бөлек, соны біліп келіп отырмын. Құр қол емеспін, сізге ала келген сыйым бар еді, азырқанбай алсаңыз мен ризамын. Молдарәсіл қалтасынан шүберекке оралған алтын білезікті алып, бәйбішеге ұсынды. Кедейден мәнді сый шыға қоймас деп кекесінмен қарап, кекесінмен тыңдап тұрған болыс та, сәл мүмкіндік болса далаға атып шығып жұртқа жар салғалы тұрған тоқал да, күл сасыған кедей деп менсінбегенмен сол ауым-сауым Киеванның аузынан шыққан жылы-жылы сөздің созыла түсуін күтіп, төмен қарап тұрған бәйбіше де шам жарығымен көздің жауын алып жарқ ете қалған алтын білезікті көргенде, әлдекім қыл кеңірдектен буындырып бара жатқандай, мойындары созылып көздері маңдайға жетті. — Алыңыз, бәйбіше, — деді Молдарәсіл білезікті оған жақындата түсіп. Бәйбіше күйеуіне бір, тоқалға бір қарап қойды да Молдарәсілдің алақанында жатқан алтын білезікті алып ары-бері аударыстырып, салмақтап көрді. Сонан соң ерніне күлкі шақырып: — Базарлығың салмақты екен, — деді. Сөйтті де білегіне сап Молдарәсілге қарамай: — «Қашқын» деген атың жаман болса да, сыйың жомарт боп шықты. Рахмет. Нағашы жұртың не бай, не саудагер болды-ау? — Жоқ, бәйбіше, екеуі де емес. Тістеп-тірнектеп жиған дүниесі ғой. Аттанып бара жатқанымызда бір сәудегерден несиеге алып, келінім құр қол аттанбасын деп жасаған сыйы еді. — Келіні несі? — Қартайғанда жорға шығып, сол жақта үйленіп едім…. Бәйбіше қуанған рай танытып, күйеуіне қарады. — Байеке-ау, мына жаман не деп тұр, үйлендім деді ғой, — деді сылқылдай күліп. — Е, Молдарәсіл үйленді деп таң қалатын несі бар. Оны еркек емес деп пе едің! Молдарәсілдің жүрегі лүпілдеп барады. Ойлаған ойының жүзеге асып, қара тастай қатқан жандардың кемсітіп болсын, мұқатып болсын, күлімсіреп беттері бермен қарағанына іштей тәубе келтіріп тұр. — Қап, — деді бәйбіше күйеуімнің құлағына сіңсін деген оймен батыра сөйлеп. — Өзің жоқта үйіңе мал қамағаны ағаттық болған екен. Осындағы тентек жігіттердің бірі әдейі істеген ғой. Әйтпесе болыс-екем олай бұйырған жоқ. — «Солай» дегендей болыс та басын изеп қойды. — Оның үстіне келін әкеп тұрсаң, тіпті ұят болған екен. Бәсе-е, «қайда кетсе де қайтып елін

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61