ТІРШІЛІК

сөзді қайталай берді. Былтыр да дәл осылай кәйіпін бұзып еді. Онда қолына оңтайлылау, ауырлау нәрсе түсе қоймай шалы керзі етікпен ұрған. Төрт рет жауырынынан соққан. Иманды болғыр, қанша ашу қысса да бастан ұрмайды, әйтеуір. Бұл жолы Киеван үш дүркін оқтау сілтеді. «Төрт рет ұрушы еді ғой, — деді іштей кемпірі. — Нағып үш рет боп қалды?» Ойын аяқтаймын дегенше оқтау тағы тарс ете түсті. — Ойбай! Айттым ғой… — Нені айттың, нәлеті-ау, нені айтып ең… — Төрт рет ұрады деп… Шалы шүңірек көзін сықситып, оған аңтарыла қарады. — О, мәлжубас. Санап жүр екенсің ғой сен, мәлжубас-а?! Мә, ендеше! Беске шейін сан білсең сана да жат! Бесінші соққы кемпірге ауыр тиді. Үйреншікті «ойбайын» да, «жасағанын» да айта алмай жай ғана қинала ыңырсып қойды. Төртінші соққыдан кейін біттіге санап, қолымен жер тіреп тұра беріп еді, тілінен тапқан үстеме «сыбаға» қайта шөктіріп, ол мұржаға қолын тіреген бойы қимылсыз қалды. — Қап, мына алжыған неменің қылығын-ай, ә! Дуана боп, бетімнің суын бес төгіп өлдім-талдым әрең тапқан көкнәрді зая кетірдің-ау, нәлеті! — Қайтадан езіп көрсеңші, бір ішім қалған шығар… — О, үнің өшкір, әлі сөйлеуге шамаң бар екен ғой. Бір ішім қалса ертең күн жоқ деп пе ең!.. Киеван жыларман халде тұр. Бір тәулік бойы үй мен үйдің итін абалатып, табанын ақжем қып жүріп әзер тауып келген бір-екі ішім ғана көкнәр күйігінің шалына қалай батарын кемпірі біліп тұр. Біліп тұрған соң да қазіргі өз халінен гөрі Киеванның халін ойлап, оған жаны ашып тұр. — Отыр… Ойбай… Отыра берсеңші үйге барып. Қазір шайды еселеп апарайын. Тағы жаннәсіп… Ертең мен-ақ іздеп тауып әкелейін. Кемпірі сүйретіліп орнынан тұрды. Шалы оған сүзіліп, еңкіш кеудесі онан сайын бүгіліп ұзақ қарады. Оның сыпыра астынан балтаны алып май сіңген жарты шпалды сол аяғымен басқанын, сонан соң балтаны жоғары көтеріп, ағарып жатқан ұшқыны тырс еткізіп бір салып өткенде, бір жаңқа да ұшыра алмағанын, енді, екі-үш сілтесе, балтаның сабындай қоп-қоңыр әлсіз білегі қоспасынан үзіліп түсердей майысып бара жатқанын көрді. «Жаны сірі-ай өзінің, — деді Киеван ішінен. — Қанша таяқ жесе де отын бұтайтын қауқары бар!» Ашу-ызасы мен күйігі әлі бұрқырап, кеудесін көрікке қызған темірдей қарып бара жатса да, сол күйінішімен араласып мына дәрменсіз, момын кемпіріне жүрек түбінен бір жанашыр сезім шақпақ тастың ұшқынындай жылт ете қалды. — Мәлжубас! — деді шалы күңк етіп. — Қайнат шайыңды тездетіп! Киеван төрдегі салулы көрпеге кеп отырып, жүкаяқ қасында жатқан кенеп дорбаны алды. Бу боп ұшып кететіндей аузын шиелеп байлап тастаған шыжым жібін асықпай шеше бастады. Шешіп болып

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61