ТІРШІЛІК

жұрт үшін жаралған жан еді, өлімге жұмсасаң да ойланбайтын» деп арқасынан сөзбен қағады. Баласын алдаймын деп әкесін мақтап тұрғандарын, сол жалған мақтау арқылы олардың тұқымымен осы ауылдың ен салмаған сыпайы малайы болғанын аңғырттықпен абайсыз айтып қалғандарын жұмсап тұрғандардың өздері де байқамай қалса, сөз төркініне Молдарәсіл де көз жіберіп жатқан жоқ, ыржия күліп жұмысына кете барады. Мұны ауылдың еңкейген кәрісі мен еңбектеген баласына шейін біледі, бірін қалдырмай бұл да таниды. Бәріне өз үйіндей кіріп барады, кіріп барған үй, шай ішіп жатса кей кезде олармен амандасып жатпай-ақ дастарқанды қапталға алып жантая кетеді де, осы шаңырақтың бір жұмысын жапырып келгендей, «уһ, шай құйшы!» дейді. Оларға да бұл қылық ерсі көрінбейді, не шайын, не тамағын алдына қойып, амандық-саулықты «жол-жөнекей» сұрасады. Осылайша ол бүкіл ауылдың бел баласына айналды. Тіпті, өтеніне апталап, айлап қонбай да кетеді. Ел іші болған соң өлім-жітім бар, той-томалақ бар, кейде бәрі бірінен кейін бірі кеп қыруар жұмыстан босай алмай, үй бетін көрмейді. Осындай аласапыран, зейнетінен бейнеті молырақ қарбалас шақ бір мезгіл саябырсып, ауыл тыншып, енді әркім шаруасының сөлкеу тартып қалған жібін қайта есуге кірісіп, өзімен-өзі болған кезде, бұл да жұрт қатарлы өз өтенін еске алады. Үйіне құлып салар қай қазақ, баяғыда қымтап жауып, бақанмен тіреп кеткен есігі сол күйінше тұр екен. Ол сырықты алып атты кісіден бір қарыс аласа тамның төбесіне қол созып тастай салды да жіп тұтқасынан тартып қалды. Көптен ашылмаған есік ергенекке кірігіп қалған ба, қиқу салып әзер ашылды. Өрмекшілер табалдырық пен мандайшаның арасына қым-қуыт тор сап тастапты, кіре бергенде олардың бәрін мизамдай ірітіп, сытыр-р еткізіп жарып шықты. Алақанымен бетін бір сипап ішкі үйге беттеді. Санаулы ыдыс-аяқтардың бәрі түнеугүні өз қолымен қойып кеткендей, қалған жерінде тұр. Тып-тыныш. Үйден кісі кеткен соң шыбын екеш шыбын да безеді екен ғой. Басқаларда күздің күні суық шақырған жау шымшықтай гу-гу етіп, жыртылып айрылатын қара шыбынның мұнда бірі де жоқ. Талай күнге созылған ырду-дырдуға құлақ ұйып, бой үйренген бе, ол үй ортасындағы үстел жанында көпке дейін қимылсыз тұрып қалды. Алғаш рет өз үйіне жаны ашыды. «Үйлену керек екен-ау, — деді ішінен — үйленбесе болмас, үй жетім боп барады екен. Иә, үйлену керек!» Бұл тұста оның жасы отыздың екеуіне шығып еді. Ойлап қараса, өзі құралпы жігіттер атам заманда-ақ әйел алып, бала-шаға сүйіп, тым алысқа ұзап кетіпті, тіпті, күні кеше ғана өзі атқарысқан той –бір құрдасының баласын сүндетке отырғызған той екен ғой. Дүйім жұрт жиналып, көкпар тартылып, үш күн, үш түн қызықшылық болған жоқ па? «Ал, Молдарәсіл, өзіңнен басқа тындырымды жөн білетін адам жоқ, мал сойып,

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61