БЕКЕТ

Focus Mode

біреу түсті. Тани кеттім — Бекетім! Бір-екі минут өткен соң-ақ «сені біреу шақырып жатыр» деп бір бала жетіп келді. Далаға шықсам, есік алдында қабағы тұнжырап, бірнеше күн ұйқы көрмеген адамдай жүдеп кеткен Бекет тұр екен. Ол мені қолымнан ақырын ғана сүйді де: — Мен сен деп қана жүр едім ғой, Нұркенжан! Үмітімнің арты осы болғаны ма? Мен әперген киімді лақтырып кетіпсің, оның не? Анасының жоқтығын қайтсем білдірмеймін деп жүр едім ғой мен сорлы, мә, ал, алшы мынауыңды, — деп ол маған анадағы тастап кеткен костюм-шалбарымды қолыма ұстатты. Еш нәрсе көрмей өссін деп едім ғой мен сені. Қаршадайымнан жұмысқа кіріп… мал өсіріп… Бекет ар жағын айта алмай, көмейіне әлдене тығылып тұрғандай үнсіз қалды. Біраздан соң: — Кел үйге, Нұркенжан. Сен кетсең мен не болам, кел, — деді ол, менің бетімнен сүйіп. Осы кезде мен оның құшағына құлай кетіп, үнсіз ғана егіліп жібердім. — Барамын, ағатайым, барамын! — Ақырында шанаға міне беріп, «сүйт, қалқам» — дей берді ол бір айтқанын әлденеше қайталап. Содан соң демалыс сайын ауылға барып тұрдым. Бекетім! Сонда сенің төбең көкке бір-ақ елі жетпей жүрді ғой! Осы оныншы класты бітірер жылы өзіммен бірге оқитын Зағида дейтін қызға ғашық болдым. Бірақ оның жүрегінде маған деген бір жылылық бар ма, жоқ па, ол жағына көз жеткізе алмай дал болдым. ЬІнтыға түстім. Көзімді тарс жұмып, тәтті қиял құшағында талай түндерді ұйқысыз өткіздім. Өмір енді бұрынғыдан да қызықты, бұрынғыдан да өз бетінше бағыт алып келе жатты. Оныншы класты бітірген соң, Алматыға аттанбақ болдым. Бұрын да «сіз-біз» десіп жүрген жоқ едік, дәл кетерден 2-3 күн бұрын жеңгеммен тағы да бетке келісіп қалдық. Бұл жолғы ұрысқа қосқан оның жаңалығы: «Қу жетім, кетпесең қараң батсын» деген болды. Сонымен, қоштаспастан Алматыға тартып тұрдым. Бекет шығарып саларда біраз ақшаны қалтама салды да: «Ренжімей бар, көкешім, жиі-жиі хат салып тұр», — деп қала берді. Мен сені неге ұмытайын, саған неге ренжиін, Бекет! Неліктен екені белгісіз, мені шығарып салуға Зағида келе алмады. Ауыздың суын ағыза жұрт мақтайтын Алматыға да жеттім ғой. Біздің қала деп дүрдитіп жүрген Түркістанымыз, мұның қасында ауыл, не қыстақ сияқты болып қалады екен. Бір жарым ай өткен соң, ауылшаруашылық институтының студенті болдым. Қандай қуандым десеңізші сонда! Ал менің мұнымды естігенде, Бекетім нендей күйде болды екен. Ол қуаныштан бірнеше күн бойы ұйқы да көрмеген шығар. Алматы өміріне де араласып, бір жылдай уақыт өтті. Бір күні Бекеттен хат алдым. Қысқа ғана жазылыпты. «Төрем Нұркенжан, саған айта алмай жүр едім, жеңгеңмен ажырасқаныма үш-төрт ай болды. Енді оның күні қандай болады

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21