БЕКЕТ

умаждай түсіп еденге отыра кеттім. Тұла бойым ысып, басым мең-зең боп барады. Көз алдыма бірде жазықсыз Зағида, бірде, «Нұркенжан-ау сен де оны сүйетін бе едің! Қайт дейсің маған, қайт дейсің, өмірде бірінші рет сен қосшы ақылыңды», — деп қос алақанын жайған Бекет елестейді. Енді бірде осы елестердің бәрі де сағымға айналғандай, көз алдымдағы бұлдыраған дүниеден еш нәрсе ұстай алмай қаламын. Осылайша қанша отырғанымды кім білсін, бір кезде орнымнан атып тұрып үстел үстіндегі қағаз-қаламға жармастым. Дайын парақ табыла қоймаған соң ескірген бір кітаптың ішкі мұқабасын жыртып алдым да, дірілдеген қолыммен мына сөздерді жаздым: «Қош, Бекет! Менің неге кеткенімді сұрама. Егер білгің келсе, бар себепті Зағида айтар». Күні бойы мың толғаныстың бір байламы осы болды да, мұным дұрыс па, дұрыс емес пе деп ой тезіне салып жатпай-ақ, тез-тез басып сыртқа шықтым. Ойланып жатуға менде күш те, төзімділік те жоқ еді. Үйден шыққан бетте станция жаққа бет түзедім. Олай қарай сүйрелеген өз қайратым мен өз еркім емес, мені әлдеқалай бір дүлей сиқыр, тылсым күш жетектеп бара жатқандай еді. Қош, туған үйім!.. Содан бері талай жылдар өтті ғой. Институтты бітіріп, Алматыдағы машина жасау заводына инженер болып орналастым. Бұдан кейінгі өмірдің бәрін несіне айта берейін, бәрі де өзіңе аян ғой, Сайыпназар. Ағам бар деп саған айтпауымның себебі де осы еді. Бір күні жұмыстан келіп енді шешіне бергенімде, жұбайым Гүлмира: «Таңертең алып едім, кім екенін танымадым», — деп маған бір хатты ұсынды. Жазуынан Бекеттің қолы екенін тани кеттім де, жүрегім дүрс-дүрс соғып, хатты асығыс аша бастадым. Ол егіліп отырып көп жазыпты. «…Сен мені шыныменен ұмыттың ба, Нұркенжан. Қызметке тұрып, әйел алғаныңды естіген күні қуаныштан түні бойы кірпік қақпадым. Ер жетіп есіміздің кіргені осы ма? Менің сенен басқа кімім бар еді? Апам екеуің мені «тасбауыр» деуші едіңдер, ол әлі есімнен шыққан жоқ. Балалық шақ қызық екен ғой… Бірақ қанаты қатпаған, ана аймалауынан басқаны көрмеген саған жаным ашып, қауындай жарылып, майдай еріп ем. Әлде «тасбауырлық» саған ауысты ма? Азабыңды көп арқалап ем, ол аз болғандай қабырғамды қайыстыра қасірет үйіп кеттің ғой! Қойшы, бәрін де ұмытшы, мен сенің сол баяғыдағыдай ақ жүректі ағаңмын ғой. Келші, Нұркенім менің, сағындым ғой сені, келші. Әсіресе, қатты науқас үстінде адамға бауыр сондай қымбат болады екен. Әлдеқалай боламын, тым болмаса халімді бір көріп кетпеймісің. Сүйтсеңші, көкешім, жабыққан көңілімді жадыратып, бір қуантсаңшы мені. Тез, тезірек келе гөр, Нұркенжан! Ағаң Бекет. 1961 жыл 17 ноябрь». Хатты оқып болғанда денем дірілдеп сала берді. «Не болды, Нұркен?» деп шошынған Гүлмираның сөзіне құлақ та асқан жоқпын. Осы сырдың бәрін

Pages: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21